Бүкіләлемдік стандарттар күніне

Әмина ТӨлегенова,
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті
Павлодар облысы бойынша департамент директоры

Бүкіләлемдік стандарттар күніне

Жыл сайын, 1970 жылдан бастап әлемдік қоғам 14 қазан күні Бүкіләлемдік стандарттар күнін мерекелейді. Бұл оқиға әлемдік экономика дамуында, өнеркәсіп, сауда, бірлестік пен тұтынушы қозғалысының бизнес мүдделерін қамтамасыз етуде стандарттардың артушы рөлінің жалпыға бірдей танылғанын білдіреді. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымға (ИСО) кіретін барлық елдер және бүкіл әлемдік ғылыми-техникалық қоғам Бүкіләлемдік стандарттар күнін стандарттау бойынша жұмыстар маңыздылығы танылғанының құрметі ретінде мерекелейді.

2011 жылы өтетін Бүкіләлемдік стандарттар күнінің ұраны: «Ғаламдық сенімді жасау».
Бүгін Қазақстанда халықаралық стандарттарды пайдаланылмаған бір де бір экономика секторы мен қоғам қызметі жоқ. Қазіргі әлемде барлығы біз күткендей жұмыс істейтініне біз сенімді болуымыз қажет. Телефон тұтқасын көтерген кезде, сол уақытта ғаламшардағы кез келген абонентпен байланыса алатынымызға сенімдіміз. Интернет желісіне қосылып, хабар мен ақпаратты дереу алатынымызға сенімдіміз. Ауырып қалған жағдайда, біздің емделуімізде қолданылатын медициналық жабдыққа сенімді боламыз. Автокөлікті жүргізіп келе жатқанда, біз қозғалтқышпен басқару, басқару тұтқасы мен тежеу жүйелеріне, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне сенімді болып, оларды берік деп санаймыз. Сонымен қатар электрэнергияның сөндіруінен және қоршаған ортаға шығарындылардың жағымсыз әсерінен қорғалғанымызға сенімдіміз.

Халықаралық стандарттар осы сенімділікті ғаламдық деңгейде қамтамасыз етеді. Одан басқа, стандарттаудың негізгі мақсаттарының бірі осындай сенімділікті жасау болып табылады. Жүйелер, бұйымдар мен қызметтер біз күтетін қасиеттерді көрсетеді, себебі олардың негізгі сипаттамалары халықаралық стандарттарда белгіленген.

Халықаралық стандарттар өнім мен қызметтердің сапасын, экологогиялықтылығын, қауіпсіздігін, сенімділігін, сыйысушылығын және тиімділігін қамтамасыз етудің іргетасы болып табылады. Олар өндірушілерге ғаламдық нарыққа шығу мүмкіндігін ғана ашпай, сондай-ақ олардың өнімі әлемдік деңгейде ұсынылатынында сенімді болуға мүмкіндік береді.

Павлодар аймағы көпсалалы индустриалды кешен болып саналады, аймақтың өнеркәсіпті әлеуетін көмір, электр мен жылу энергия, глинозем, алюминий, ферроқорытпа өндіретін экспортқа бағытталған ірі өнеркәсіпті компаниялар анықтайды. Республиканың өнеркәсіпті өндірісінің жеті пайызына жуығы, республикалық көмір шығару мен ферроқорытпа өндірудің 70 пайызына жуығы, республикалық электроэнергия мен мұнай өнімдерін өндірудің 40 пайызы облыстың үлесіне келеді. Павлодар аймағында химиялық, машина жасау кәсіпорындардың және металл өңдеу салаларының дамуы үшін жеткілікті әлеуеті бар.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыста 168 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 48 өндіріс іске енгізілді.

Шығарылатын өнімнің сапасына негізгі әсері болатын басымдылықтың бірі отандық тауарөндірушілердің халықаралық стандарттарға көшуі мен менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Павлодар аймағының кәсіпорындарында менеджмент жүйесін енгізу мәселесі мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің маңызды құрамдас элементі болып саналады.

Менеджмент жүйесін енгізу мен қызмет етуі бойынша елеулі оң нәтижелерін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің ISO 9001, 14001, 22000, ОHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізу бойынша бірлескен жоспарын іске асыру шеңберінде жасалатын жұмыстар әкеледі.

ISO 9001 сериялы стандарттарды енгізу тиімді клиентке бағытталған, клиенттердің күтулерін біліп қоюға және қанағаттандыруға мүмкіндік беретін менеджмент жүйесін құруға көмектеседі, ол өз кезегінде компанияға бәсекеге қабілетті болуға және тұрақты пайда алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Павлодар аймағында кәсіпорындардың толық қатары ISO 9001 стандарттар негізінде сапа менеджмент жүйесін енгізіп, серитификатталды, жыл сайын олардың саны бұлжытпай өсіп жатыр. ISO стандарттары бастапқыда әмбебап болып ойластырылғаны осы жерде аса зор рөл атқарады, сол собептен олар қай ұйымдар қызметінде болмасын бірдей деңгейде кішкентай жөндеу шеберханадан бастап, аса ірі халықаралық холдингтарға дейін пайдаланылады.

Бүгінгі күні Павлодар аймағында 177 кәсіпорын түрлі менеджмент жүйелерін енгізді. Менеджмент жүйесін енгізген 177 кәсіпорынның, 176 кәсіпорыны ISO 9001, 15 кәсіпорыны ISO 14001, 19 кәсіпорыны ОHSAS 18001, 4 кәсіпорыны ISO 22000 енгізді. Менеджмент жүйесін енгізген 13 кәсіпорын экспортқа бағытталған болып саналады.

Кедендік одақтың қызмет етуінің басталуы мен Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену келешегіне байланысты күрт өскен бәсекелестікті ескере отырып, шығарылатын өнімге халықаралық стандарттардың жоғары талаптары, Павлодар аймағы кәсіпорындар басшыларының ықпалданатын менеджмент жүйесін енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдауына әкелді.

ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 негізінде ықпалданатын менеджмент жүйесінің негізгі ұйымдық-әдістемелік негізі болып ISO 9001 стандарты қызмет етеді. 9000 сериялы ISO стандарттарының негізінде жалпыға бірдей сапа менджмент қағидаты, сондай-ақ ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттаудың объект құрамы мен құрылымының сәйкестігі жатыр.

Павлодар аймағында 12 кәсіпорын ИСО 9001, 14001 и ОHSAS 18001 ықпалданатын менеджмент жүйелерін енгізді. Осы кәсіпорындар Павлодар аймағының көшбасшылары болып атанған: «Қазақстан Алюминий» АҚ, «ТНК» «Казхром» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Павлодар монтажды фирма «Имсталькон» АҚ-ның филиалы, «Промтехмонтаж» АҚ Павлодар филиалы, «КазМонтажСервис» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалы, «Транс-КазКом» АҚ, «Аstel» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК Павлодар филиалы аймақтың ықылас танытқан кәсіпорындарын менеджмент жүйелерін сәтті енгізу мен қызмет ету үшін нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді. Павлодар аймағының кәсіпорындарымен дөңгелек үстел, семинарлар мен тікелей кәсіпорындардың өзінде кездесулерде менеджмент жүйелерін енгізуден бәсекелі артықшылығын түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

Сапа стратегиясы техникалық реттеу саласында заңнаманың жүйелі толық жетілдіруінде, отандық стандарттардың халықаралық талаптармен сай әзірлеу мен үндестіруінде, нормативтік құжаттар негізінің болуында. Менеджмент саласында 46 стандарт пен 15 әдістемелік сипаттамадан тұратын нормативтік құжаттар негізі Павлодар аймағы кәсіпорындарында менеджмент жүйесін жоспарлы енгізу мен қызмет етуі үшін стандарттар қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етуге, ал бұл өз кезегінде әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бақылауды жоспарлау және жүргізу: Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент

Бегiмше Жузенов,
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті
ОКО бойынша департамент директоры

Мемлекеттік бақылауды жоспарлау және жүргізу: Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша департамент

Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментінің техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету облысындағы нормативті құжаттардың талаптарын орындауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар деп саналады, Департамент:
1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады;
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді;
4) өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік бақылауды жоспарлау және жүргізу барысында, жаңадан шыққан «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылады.
2011 жылға 307 тексеру жоспарланды, оның ішінде жоғары қауiп-қатер дәрежесімен – 278 кәсіпорын, орташа – 31 және кіші – 1, ағымдағы жылдың 9 ай аралығында 201 жоспарлы тексеру жүргізілді, оның ішінде 182 кемшілік және заң бұзушылық анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша сомасы 7542,48 мың теңге 164 әкімшілік айыппұл салынды, 18835,652 мың теңгеге 141 партия өнімін сатуға және қолдануға 513 дана өлшем құралдарына тиым салынды.
Кейбір мемлекеттік бақылаудың нәтижелерін бөлек атап кетуге болады, мысалы:
— құрылыс материалдарын сату барысында «Тасада» ЖШС-де Алматы қаласындағы «Alina Pro Алматы 1» ЖШС шығарған гипс сылағы ҚР СТ 1168-2006 және СТ ЖШС 39369767-001-2006 стандарттарының қысымдылық төзімділік көрсеткішіне сәйкес келмеді;
— медицинаға арналған өнімдер сататын «Тұран» ЖШС-гін тексеру барысында Түркияда жасалған «hayat» иньекциялық екі компонентті бір реттік қолданылатын шприцтер ГОСТ 24861-2005 шкала ұзындығы талабына және Мемлекеттік Реестрдегі иненің ұзындық талабына сай емес;
— кондитерлік және аспаздық өнімдер шығаратын «Фирма Дана» ЖШС-де тексерілген «Ход-Дог» аспаздық өнімі микробиологиялық сынаудан өтпеді, онда шектік таяқша тәрізді бацилла табылды;
— «Керуен» СҮ балаларға арналған ойыншықтар сататын ЖК «Серикбаев Т.А.» екі ойыншықта: Қытайда өндірілген пластмасстан жасалған ұшқыш (вертолет) және ұялы телефондарда, формальдегид құрамы шегінен шықты;
— Шымкент қаланың ортасында орналасқан «Мега центр» үлкен сату-көңілдік орталығында «Интер-Трейд» ЖШС Шымкент филиалына қарайтын «Городок» балалар гипермаркетіне балаларға арналған мектеп киімдері: «Guangzhou Kidskingdoms Children’s wear Co. Ltd» компаниясы Қытайда өндірген мектепке арналған қыздар блузкасы Ц30Р7, ылғал тартқыштық және ауа өткізгіштік көрсеткіші сәйкес келмейді, мектепке арналған қыздар жеңсіз көйлегі Ц82Р13, ауа өткізгіштік көрсеткіші сәйкес емес, демек «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттің 33 тармағына сәйкес келмейді.
Жоғарыда көрсетілген сәйкессіздіктер Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 28 бабы 2 тармағында көрсетілген талаптары бұзылғаны деп болып табылады, сол себепте, айтылған Заңының 40 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылау барысында зерттеу нәтижесімен анықталған сәйкессіз өнімдерді сатып алу және зерттеуге жаратқан сомасы 60769,36 теңге бюджеттік қаржысы республикалық бюджеттік шотқа қайтарылды.
Департаменттің негізгі функциясымен бірге түсіндіру жұмыстары үнемі жоғары дәрежеде жүргізіледі. Әрбір тексеру техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативті құжаттардың талаптарына түсініктеме беріліп хаттамалар ресімделеді. Бұған қоса 2011 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, теле-, радио-) 43 материал жарияланды, 23 семинар, кеңес, «дөңгелек стол» өткізілді. Осы түсініктеме жолында жүргізілген жұмыстардың ішінде Кеден одағы, Евро-Азиялық экономикалық қауымдастығы шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстары көп.
Кәзіргі кезде Қазақстан Республикасында 96 техникалық регламенттер қабылданған, 28 Евро-Азиялық экономикалық қауымдастық аралық техникалық регламенттерінің жобалары қарастыруда. Қарастыру барысында республикалық күші бар техникалық регламенттерінің талаптарымен сәйкессіздік те кездеседі, ондай жобаларға қосымша немесе өзгерістер енгізу ұсынылады. Атап айтатын болсақ бұл жұмыстарға облыстағы кәсіпорындардың мамандары белсене қатысуда.
Жоғарыда айтып кеткен жұмыстар, Департаменттің негізгі қызметі өнімнің сапасы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылады. Осы мақсатпен Департамент, «Нұр-Отан» Халық Демократиялық Партиясымен бірге ұлттық рынокты сапасыз және қауіпсіз емес өнімнен қорғау бойынша ірі сауда тораптары мен жеткізушілерге бағытталған түсіндіру, алдын алу, шұғыл шаралар бойынша пәрменді жұмыс жоспары рәсімделді.
«Қазақстан Республика үздік тауары» көрме-конкурсы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсын өткізу жұмыстарын жүзеге асыру барысында регионалдық іс-шара жоспары облыс әкімінің орынбасарымен 2011 жылдың 1 сәуірде бекітіліп Комитетке жолданды.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 5 тамызында облыстық «Қазақстан Республика үздік тауары» көрме-конкурсы өтті. Көрмеге 44 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынып, келесі кәсіпорындар осы көрме-конкурстың жеңімпаздары болып табылды:
«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»:
— 1 дәрежелі дипломдармен – «Hill Corporation» ЖШС,
— 2 дәрежелі дипломдармен – «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС,
— 3 дәрежелі дипломдармен – «Завод строительных материалов» ЖШС;
«Халық тұтынатын үздік тауарлар»:
— 1 дәрежелі дипломдармен – «ШТФ Туркестан» ЖШС,
— 2 дәрежелі дипломдармен – «Комбинат Фараб» ЖШС,
— 3 дәрежелі дипломдармен – «НПЦ «Рауан» ЖШС;
«Үздік азық-түлік тауарлары»:
— 1 дәрежелі дипломдармен – «Ордабас құс» ЖШС,
— 2 дәрежелі дипломдармен – «Макаронная фабрика «Корона» ЖШС,
— 3 дәрежелі дипломдармен – «ВИЗИТ» ЖШС.
Осы сұрақ бойынша облыстық кәсіпорындарың өкілдеріне ұдайы кеңестік көмек көрсетіледі, облыстық «Қазақстан Республика үздік тауары» көрме-конкурсы туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне түсініктеме беру мақсатында 5 теледидарларда («Қазақстан-Шымкент», «Қазақстан-1», «Айғақ» «Отырар» және «Сайрам ТВ») сұхбат берілді, 11 газеттерде («Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Панарама Шымкента», «Рейтинг», «Корпарация», «Айғақ» «Жоноби Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан жол», «Қызмет» және «Дөңгелеген дүние») арнайы материалдар шықты.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгіне 20-шы мерекелік жылында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсына Оңтүстік Қазақстан облысынан 24 кәсіпорын қатысу үшін дайын.
Өткен 2010 жылдың конкурстар нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан «Алтын сапа» конкурсының жеңімпазы – «Oxy Textile» ЖШС және «Қазақстан үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздары — «ЮНИКС» ЖШС мен «Химфарм» АҚ болды.
Оңтүстік Қазақстан облыстың бұндай көрсеткіштерге жетуі — Департамент мамандарының белсене жүргізген жұмыстары.
Қазіргі кезеңде республика кәсіпорындары үшін сапа менеджменті жүйесін ендіру басты маңызға ие болып отыр. Әрине, әлемнің дамыған мемлекеттері үшін бұл жаңалық емес. Барлық атақты және белгілі кәсіпорындар сапа менеджменті жүйесін СМЖ ендіру арқасында табысты дамуы үстінде екендігін айтуға болады. Осыған байланысты кәсіпорындардың халықаралық даму және табысы халықаралық тәжірибесіне негізделген техникалық реттеу саласында саясат жүргізетін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Техникалық реттеу комитеті отандық тауар өндірушілер өнімдерінің сапасын көтеру мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үмітін ISO «Сапа менеджмент жүйесі», «Экологиялық менеджмент жүйесі», «Тамақ өнімі қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі», «Енбекті қорғау және кәсіби аурулардың алдын алу менеджмент жүйесі», «Әлеуметтік жауапкершілік» халықаралық стандарттарына сәйкес ендіру жолымен байланыстырады.
Біз өз тарапымыздан ИСО 9000 сериалы стандартын ендіру бойынша бағдарламалы жұмыстар жүргізіп келеміз.
Облыс тауар өндірушілер өнімдерінің сапасы мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үмітін отандық тауар өндірушілердің халықаралық стандарттарға өтуімен байланыстырады, кәсіпорын өкілдері және басшыларымен сұқбаттау, семинар кеңестер өткізу мен бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау арқасында сапа менеджменті жүйесін ендіруге насихат жұмыстарын жүргізудеміз.
Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындары үшін сапа менеджменті жүйесін ендіру жаңалық емес. 2011 жылдың 20 қыркүйекте жасалған мониторинг нәтижесі бойынша облыста 311 кәсіпорын және мекемелер сапа менеджмент жүйелерін сертификаттады. Сапа менеджментін ендіру барысында жұмыс жасап жатқан тағы да 36 кәсіпорын қызмет етуде.
Біз осы күнгі рынок аумағы бүгінге де ертеңге де жетеді деп сенуге болмайды деп есептейміз. Тіпті біздің өндірушілер әлемдік рынокқа шықпаса да, әлемдік рынок оған өзі келеді, себебі біз Кедендік одағының мүшесі болып табыламыз. Бәріне белгілі батыс және басқада елдердің тауарлары отандық тауарлардан жоғары дәрежеде, олар сапа және баға бойынша бәсекелесе алады. Неге? Себебі олар осы нәтижелерге сапа менеджменті жүйесін ендіру арқылы жеткен. Біздің өндірушілер жетістікке тек қана сапа менеджменті жүйесін ендіру нәтижесінде оның әрекетін қолдап және рынок талаптарына сәйкес ұдайы жақсартып отырғанда ғана жетеді. Егер де кәсіпорын басшысы сапа менеджменті жүйесі принциптерін білмейтін болса, онда кез келген кәсіпорын әрекеті бекер болады. Бұл жағдайлардың кездесуі сирек емес. Департамент өзінің сапа менеджменті жүйесін оқыту, насихаттау жұмыстарында осы мәселенің өзектілігін түсінбеушілікпен, кей кезде облыс кәсіпорындарының бірінші басшылары тарапынан ашық қабылдамаушылық пен де кездесті. Сапа менеджменті жүйесін ендірген басшылар сапа тек қана сапа бойынша мамандардың құзыреттілігі деп біледі. Алайда жоғары басшылықтың жетекшілік рөлі сапа менеджменті принциптерінде былай деп көрсетілген: «Басшының озаттығы – басшы мекеме қызметінің мақсаты мен бағыты бірлігін қамтамасыз етеді. Оларға барлық деңгейдегі қызметкерлерді сапа жүйесіне толық қамтуын олардың қаблетін пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін ішкі ортаны тудыру қажет».
Департамент, Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық бағдарламасын орындау барысында облыстағы арнайы инновациялық жобаларды қаржыландыру мен қабылдау комиссиясы мүшелері құрамына кірді. Біздің тарапымыздан Индустриалдық картаға кірген кәсіпорындардың өндіріс жағдайын анықтау, техникалық реттеу және метрология саласындағы техникалық регламенттер және де басқа нормативті құжаттармен, сапа менеджмент жүйесін ендіру әдістерімен таныстыру мақсатында әрбір кәсіпорындармен кездесу кестесі бекітілді. Бұл жұмысты, құрамына департамент мамандары, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау Институты» РМК филиалының өкілдерінен құрылған арнайы Жұмыс тобы жүзеге асырады.
Осы жағдайды пайдаланып, Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық бағдарламасын орындау барысында әрбір кәсіпорын, әрбір патриот осы саладағы жұмысқа атсалысып кіріседі деп үлкен үміттеміз.