Алтын Сапа
Жаңагүл Төреханова, «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС директоры
«Қазақстанның үздік тауары – 2023» республикалық байқауының жеңімпазы — еліміздің нарығына жоғары сапалы өнімнің 59 түрін жеткізетін «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауыты атанды. Отандық дәрі-дәрмек өндірушінің жеңісі, еліміздегі әлеуметтік маңызы бар нарықтардың бірі – фармацевтикада импорт алмастыру процесінің қарқынды дамып келе жатқанына дәлел болып табылады. Егер 2010 жылы отандық дәрі-дәрмектің үлесі 15%-ға әрең жетсе, 2023 жылы ол 30%-дан астамды құрап, импорттың азаюына «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС үлкен үлес қосуда.
Дәріханашыдан кәсіпорынның құрылтайшысы, басшысына дейін
Қазақстанның фармацевтикалық нарығында отандық дәрі-дәрмек өндіруші компаниялардың бірі «ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты болып табылады.
Ақтөбеде зауыт 2012 жылы ашылып, алдымен қаланы, кейін облысты сұранысқа ие дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. 12 жылдан кейін, қазіргі таңда «ТК Фарм Ақтөбе» деген брендімен дәрілерді еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәріханалардан табуға болады. Зауыт өнімдері сапасы жағынан импорттық дәрілерден кем түспейді, және де бағасы жағынан айтарлықтай ұтымды.
Табысқа жету жолында компания біраз қиындықтардан өтті деп асыра айтқан дұрыс болмас еді. Сол себептен де кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуы өте оңай сияқты болып көрінер, алайда «ТК Фарм Ақтөбе» басшылығында тек қана жоғары санатты маман ғана емес, сонымен қатар өз ісін шын жүрекпен сүйетін адам басқаруда.
Жаңагүл Жайлыбекқызы Төреханова — «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС негізін қалаушы, құрылтайшысы және директоры. Салалық білімі – алдымен медициналық училищені, кейін Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтын фармацевт-провизор мамандығы бойынша бітірген. Институтты бітіргеннен кейін, ол дәріханада жұмыс жасады, бірақ 90-жылдардың басындағы қиын экономикалық кезең фармацевт-провизорды жеке кәсіппен айналысуға, атап айтқанда, дәріханалар арқылы дәрі-дәрмек сату жолына әкелді. Осылай 2000 жылдардың басында Жаңагүл Жайлыбекқызының бірнеше жеке дәріханалары жұмыс жасап тұрды. Ол дәріхана желісін бірте-бірте кеңейте отырып, осы іспен өзін тежеуге де болатын еді, бірақ ол өз өндірісін армандады. Көп адамдар үшін арман жай «арман» ретінде қала береді, бірақ та бұл сөз өз ісіне қабілетті де мақсатты Жаңагүл Жайлыбекқызы үшін айтылған емес.
Дәрілік заттарды сату және оны өндіру – екі түрлі сала екенін жақсы түсінген ол фармацевтикалық кәсіпорындарда тәжірибе жинақтай бастады. 2000 жылдан бастап «ФармЦентрСервис» компаниясын және «Фармация-2010» Қарағанды фармацевтикалық зауытын басқарды. Жаңагүл Төреханова халықаралық көрмелерге барып, өндіріс жабдық өндірушілерімен танысып, дәрі-дәрмек өндіру технологияларының нарығын зерттеп, 2012 жылы «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауытын салып, басшылық етті.
Табысқа жету жолдары
Жаңагүл Төреханованың өндірістік бизнесінің басталуына екі фактор ықпалын тигізді. Біріншіден, мемлекет шикізаттық емес экономиканы дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске қосты. Осы бағдарлама аясында жаңа өндірістерге барлық қолдау көрсетілді. Екіншіден, Батыс Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс болмағандықтан, фармацевтикалық зауыт салу идеясы бағдарлама шарттарына толық сәйкес келді. Әйтсе де, сәттілік – табанды шешім қабылдай алатын адамдарға тән дегенмен, зауыт салуға 800 миллион теңге несие алу — оңай шешім емес еді. Мұндай қадамға бару үшін әрине сәттілікке сенім мен батыл қабілетке ие болу қажет. Дегенмен, компанияның қарқынды дамуы Жаңагүл Төреханованың жігері мен сенімінің нақты әрі ұзақ мерзімді жоспарға негізделгенін көрсетеді.
Зауыт әуел бастан халықаралық GMP стандартына және де фармацевтикалық препараттардың өндірісі мен сапасын бақылауға қойылатын талаптарды белгілейтін, сенімді әрі дәлелденген әлемдік стандартқа бағытталған. GMP стандартына сай болу — дәрілік заттардың әлемдік нарыққа шығуының негізгі шарты болып табылады, себебі GMP стандарты өнімнің ең жақсы сапасы мен жоғары қауіпсіздігіне, оның үнемі сынақтардан өтуіне және халықаралық өндіріс стандарттарына сәйкестігіне кепілдік береді. Алайда, Қазақстанның әрбір фармацевтикалық өндірістеріне GMP сертификаты оңай берілмейді, бұл дегеніміз «TK Фарм Ақтөбе» компаниясы өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Алғашқы екі жылда кәсіпорын сұйық дәрі-дәрмектерді, атап айтқанда бронх-өкпе ауруларын емдеуге арналған қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар мия тамырының сығындысынан шәрбат шығарды. 2016 жылдың өзінде қатты дәрілік заттарды шығаратын цех іске қосылды. Зауыт өнімдері бірден жоғары бағаланып, «Қазақстанның үздік тауары – 2016» байқауының сарапшылары, байқаудың облыстық кезеңінде ең жоғары марапат 1-ші орынды берді. 2017 жылы зауыттың қатты дәрілік заттарды шығаратын цехы GMP инспекциядан сәтті өтіп, халықаралық стандарт сертификатын алды.
2018 жылы үш қабатты медициналық маскалар шығару цехы сәтті іске қосылды. Бұл маскалар фильтрлігі мен барьерлік сипаттамалары жоғары және инфекцияның төмен өткізгіштігі бар спонбонд пен мельтблауннан жасалған. Маскалардың инфекциядан қорғану деңгейі ауаның 90%-ға дейін сүзілуін қамтамасыз етеді.
Сол жылы зауыттың сынақ зертханасы Ұлттық аккредиттеу орталығында сәтті аккредитациядан өтіп, компания Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС-мен дәрі-дәрмек жеткізу бойынша алғашқы келісім-шартқа отырды.
2021 жылы зауыт келесі GMP инспекциялардан сәтті өтіп, сертификаттарын алды. Сол жылы фармацевтикалық зауыт жұмысын жақсартудағы елеулі жетістіктері үшін және сапа принциптеріне адалдығы үшін «Сапа көшбасшысы» марапатына ие болды.
2022 жылдан бастап зауыт жыл сайын түрлі көрмелерге, соның ішінде отандық тауар өндірушілердің жыл сайын өтетін «Ulttyq Onim» көрмесіне қатысады. Сол жылы «Гүлдер фестивалі» көрмесінде «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауыты «Ең шипалы топтама» номинациясы бойынша 1 орынды иеленді.
Сапа технологиясы
Бүгінгі таңда «ТК Фарм Ақтөбе» зауыты жылына 30 миллион таблеткалар мен капсулалар, 11 миллион құтыда сұйық дәрі-дәрмек шығарады. Зауыт аумағына сұйық дәрілік заттар шығаратын цехы, өсімдік шикізатын экстракциялау цехы, қатты дәрілік заттар шығаратын цехы, микробиологиялық және физика-химиялық зертханаларды қамтитын сынақ зертханалары, шикізат пен дайын өнімдерді сақтайтын қоймалар кіреді.
Шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді қаптамаға дейін толық өндірістік циклді қамтамасыз ететін заманауи өндірісте жүзден астам жұмысшылар қызмет етеді. Дәрілік заттар GMP стандартының талаптарына сәйкес «D» класындағы стерильді арнайы бөлмелерде дайындалады.
Жоғары сапалы шикізат Италия, Испания, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Австрия және т.б. дүние жүзіндегі жеткізушілерден сатып алынады. Компания өнімділікті арттыру мен сұранысты қанағаттандыру үшін өзінің жабдықтарын уақытында жаңартады. Сонымен қатар, зауыт шөптік және синтетикалық препараттарды шығарады. Қазіргі уақытта компанияда өнімдерінің 59 түрі бар. Дәрілердің көбінде олардың қазақстандық өнім екенін растайтын CT-KZ сертификаты да бар.
Шығарылатын өнімнің әрбір сериясы қатаң сапа бақылауынан (шикізат пен орау материалдарының, аралық және дайын өнімдерінің сапасын бақылау) өтеді. Өнім сапасын бақылауда «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС ГОСТ ISO/IEC 17025 сәйкестігіне аккредиттелген сынақ зертханасы жүзеге асырады. Зауыт өз өнімдерін Қазақстандағы барлық ірі дистрибьюторларға жеткізеді, сондықтан препараттарды Қазақстанның кез келген дәріханасынан сатып алуға болады.
Бірінші кезекте-науқас
Зауыттың миссиясы – қазақстандықтарды қымбат емес әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Шынында да, компанияның барлық өнімдері ұқсас импорттық өнімдерге қарағанда екі, тіпті үш есе арзан. Бұл мақсатқа жету үшін кәсіпорын мемлекет тарапынан берілген барлық мүмкіндіктерді пайдалануда.
Коронавирустық пандемия кезінде зауыт мемлекет үндеуіне алғашқылардың бірі болып үлес қосып, жеке қорғаныс құралдарының өндірісін кеңейтіп, олармен облыс тұрғындарын ғана емес, көршілес облыстарды да қамтамасыз етті. «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС орнықтылығы мен тұрақтылығының дәлелі – бұл жыл сайынғы өтетін тексерістердің нәтижелері — GMP сертификаттары, аккредиттеу аттестаты, көптеген алғыс хаттар, мақтау қағаздары, дипломдар, соның ішінде «Ең тиімді өндіруші» атағы.
«Мемлекет бізге көмектеседі, біз адамдарға көмектесеміз», — дейді Жаңагүл Төреханова. Оның өз ісіне деген көзқарасы, әлеуметтік жауапкершілікті түсінуі, жоғары кәсібилігі, шығармашылық ойлауы, өзіне және қарамағындағыларға деген талаптылығы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, Жанагүл Жайлыбекқызы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерең еңбегі үшін» мадақтамасымен және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жүйесінің үздігі» атты төсбелгісімен марапатталды.
Фармацевтика саласы– экономиканың ең сезімтал саласы, адамдар өз денсаулығы мен өмірі үшін төлейді. «ТК Фарм Ақтөбе» компаниясының қызметі — бүкіл отандық фармацевтикалық нарық үшін жарқын үлгі болып табылады. Науқас адамның қажеттіліктері мен мүдделері бірінші орында тұруы керек. Ал емделуші үшін негізгі критерий – таңдау, яғни аурулардың барынша кең ауқымын, сапасы мен бағасын қамтитын дәрі-дәрмек кешені. «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС осы қағиданы толығымен ұстанады және одан әрі оны дамыту жолында!
Жеткен жетістіктермен тоқтап қалу — «ТК Фарм Ақтөбе» компаниясына тән емес. Алда өте үлкен перспективалар мен жоспарлар бар. Фармацевтикалық зауыттың ендігі жоспары – өз өнімдерін экспортқа шығару.
Жанагул Туреханова, директор ТОО «ТК Фарм Актобе»
Победителем в республиканском конкурсе «Лучший товар Казахстана –2023» стал фармацевтический завод ТОО «ТК Фарм Актобе», поставляющий на рынок страны 59 наименований высококачественной продукции. Победа отечественного производителя лекарств является знаковым событием, говорящим о набирающем обороты процессе импортозамещения на одном из самых социально значимых рынков страны – фармацевтическом. Если в 2010 году доля отечественных препаратов едва достигала 15%, то в 2023 она составила более 30%, и большой вклад в сокращение импорта внесло именно ТОО «ТК Фарм Актобе».
От провизора до учредителя, руководителя предприятия
На фармацевтическом рынке Казахстана одним из главных отечественных производителей лекарственных препаратов является фармацевтический завод ТОО «ТК Фарм Актобе».
Завод в Актобе открылся в 2012 году, обеспечив сначала город, а затем и область препаратами, которые пользуются повышенным спросом. Сейчас, спустя 12 лет, препараты под маркой «ТК Фарм Актобе» можно встретить в аптеках по всей стране. Продукция завода не уступает по качеству импортным лекарствам, но значительно выигрывает по цене.
Нельзя сказать, что на пути к успеху предприятию приходилось продираться через тернии. Кажется, что становление и развитие компании проходило очень легко, но это только потому, что во главе «ТК Фарм Актобе» стоит не только профессионал высокого класса, но и человек, искренне влюбленный в свое дело.
Жанагул Жайлыбековна Туреханова – в одном лице основатель, учредитель и директор ТОО «ТК Фарм Актобе». Образование профильное – сначала окончила медицинское училище, затем Шымкентский государственный фармацевтический институт по специальности фармацевт-провизор. После института работала в аптеке, но сложный экономический период начала 90-х годов заставил фармацевта-провизора заняться бизнесом, а именно продажей лекарственных препаратов через аптеки, и к началу 2000-х у нее было уже несколько своих аптек. Казалось, на этом можно было остановиться, постепенно расширяя сеть, но она мечтала о своем производстве. Для многих мечта так и остается мечтой, но только не для деятельной и целеустремленной Жанагул Жайлыбековны.
Прекрасно понимая, что продажа и производство лекарств – это разные понятия, она стала набираться опыта в фармацевтических предприятиях. С 2000 года возглавляла компанию «ФармЦентрСервис» и Карагандинский фармацевтический завод «Фармация 2010». Жанагул Туреханова ездила по международным выставкам, знакомилась с производителями оборудования, изучала рынок технологий производства лекарств, а в 2012 году основала и возглавила фармацевтический завод ТОО «ТК Фарм Актобе».
Факторы успеха
Производственный бизнес Жанагул Турехановой начался благодаря двум обстоятельствам. Во-первых, государство запустило программу «Дорожная карта бизнеса – 2020», направленную на развитие несырьевой экономики, в рамках этой программы новым производствам оказывалась всяческая поддержка. Во-вторых, в западном Казахстане не было фармпризводства, и идея строительства фармацевтического завода идеально вписывалась в условия программы. Однако удача сопутствует решительным – не так просто взвалить на себя кредит в 800 млн тенге на строительство завода! Для такого шага нужно обладать смелостью и верой в успех. Впрочем, динамичное развитие компании показывает, что решительность и вера Жанагул Турехановой были основаны на четком и долгосрочном плане.
Завод был изначально ориентирован на международный стандарт GMP, проверенный и надежный мировой стандарт, устанавливающий требования к производству и контролю качества фармацевтических препаратов. Наличие GMP является главным условием выхода лекарств на мировой рынок, ведь он гарантирует наилучшее качество и высокую безопасность продукта, его постоянную проверку и соответствие мировым стандартам производства. Кстати, сертификат GMP есть не у каждого фармпредприятия Казахстана, то есть компания «ТК Фарм Актобе» с первых дней своей деятельности была нацелена на усиление экспортного потенциала страны.
В первые два года компания производила жидкие лекарственные средства, в частности, сироп солодкового корня из экстракта, обладающего отхаркивающим и противовоспалительным действием для лечения бронхолегочных заболеваний. Уже в 2016 году был запущен цех твердых лекарственных форм. Продукция завода сразу же была высоко оценена: эксперты конкурса «Лучший товар Казахстана – 2016» отдали ей высшую награду – 1 место на региональном этапе конкурса. В 2017 завод успешно прошел инспекцию цеха твердых лекарственных форм и получил сертификат GMP.
В 2018 году был успешно запущен цех по производству трехслойных медицинских масок из спанбонда и мельтблауна, обладающих повышенными фильтрующими и барьерными характеристиками, низкой инфекционной проницаемостью. Уровень инфекционной защиты масок обеспечивал фильтрацию воздуха до 90%.
В этом же году испытательная лаборатория завода была успешно аккредитована Национальным центром аккредитации, и компания заключила первый контракт с Единым дистрибьютором ТОО «СК-Фармация» по поставке лекарственных средств.
В 2021 году заводом успешно повторно пройдены инспекции с получением сертификатов GMP. В этом же году за значительные достижения в совершенствовании деятельности и приверженность принципам качества фармацевтическому заводу было присвоено звание «Лидер качества».
C 2022 года завод ежегодно участвует в различных выставках, и в том числе в выставке отечественных производителей Ulttyq Onim. На выставке «Фестиваль цветов» фармацевтический завод ТОО «ТК Фарм Актобе» занял 1 место в номинации «Самый целебный сбор».
Технология качества
Завод «ТК Фарм Актобе» сегодня – это 30 млн таблеток и капсул и 11 млн флаконов жидких лекарственных средств в год. В структуру завода входят цех производства жидких лекарственных форм, цех экстрагирования растительного сырья, цех производства твердых лекарственных форм, испытательная лаборатория, куда включены микробиологическая и физико-химическая лаборатории, склад сырья и готовой продукции.
Штат сотрудников – более ста человек, которые работают на современных линиях, обеспечивающих полный цикл производства от обработки сырья до упаковки готовой продукции. Лекарственные средства производятся в соответствии с требованиями стандарта GMP в помещениях класса стерильности D.
Качественное сырье закупается у поставщиков по всему миру: Италия, Испания, Индия, Китай, Россия, Турция, Австрия и т. д. Компанией своевременно обновляется парк оборудования для увеличения производительности и обеспечения спроса. Завод производит как растительные, так и синтетические препараты. На данный момент линейка продуктов компании насчитывает уже 59 наименований. Большинство препаратов имеет сертификат CT-KZ, который подтверждает казахстанское происхождение.
Каждая серия выпускаемой продукции проходит жесткий контроль качества (входной контроль качества сырья и упаковочных материалов, промежуточной продукции и готовой продукции). Контроль качества осуществляется испытательной лабораторией, аккредитованной ТОО «Национальный центр аккредитации» на соответствие ГОСТ ISO/IEC 17025. Завод реализует выпускаемую продукцию всем крупным дистрибьюторам Казахстана, поэтому препараты можно приобрести практически в любой аптеке Казахстана.
На первом месте – пациент
Миссия завода – обеспечить казахстанцев недорогими и качественными лекарствами. И действительно, практически вся продукция компания в два, а то и три раза дешевле аналогичного импорта. Для достижения этой цели компания использует все возможности, которые предоставляет государство.
Во время коронавирусной пандемии завод одним из первых откликнулся на призыв государства и расширил производство индивидуальных средств зашиты, обеспечив ими не только жителей области, но и соседних регионов. Доказательством устойчивости и стабильности ТОО «ТК Фарм Актобе» служат сертификаты GMP, аттестат аккредитации, многочисленные благодарственные письма, грамоты, дипломы, включая звание «Самый эффективный производитель».
«Государство помогает нам, мы помогаем людям», – говорит Жанагул Туреханова. Ее подход к делу, понимание социальной ответственности, высокий профессионализм, креативное мышление, огромная требовательность к себе и к подчиненным тоже не остались незамеченными. Она удостоена награды «Ерен еңбегі үшін» за значительный вклад в социально-экономическое и культурное развитие страны и нагрудным знаком «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жүйесінің үздігі».
Фармацевтическая отрасль – это наиболее чувствительный сектор экономики, люди платят за свое здоровье и жизнь. Деятельность ТОО «ТК Фарм Актобе» является ярким примером для всего отечественного фармацевтического рынка – на первом месте должен стоять пациент, его нужды и интересы. А ключевыми критериями для пациента являются выбор, то есть ассортимент лекарств, покрывающий максимально широкий спектр заболеваний, качество и цена. ТОО «ТК Фарм Актобе» полностью соответствует этому принципу и идет по пути дальнейшего развития!
Но останавливаться на достигнутом – не в правилах «ТК Фарм Актобе». Впереди очень большие перспективы и планы. В ближайших планах фармацевтического завода – вывод продукции на экспорт.