Архив
Нұрлан Алдамжаров, «Асыл дән LTD» ЖШС директоры
— «Асыл дән LTD» ЖШС өнімді өндіру мен өткізудің толық технологиялық циклін ұйымдастырды: өз шаруашылығында күріш егу, оны өсіруден бастап, өнімді өңдеп, дайын өлшенген өнімге дейін.
– 2022 жылы «Асыл дән LTD» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» облыстық байқау—көрмесінде «Үздік азық—түлік тауарлары» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
– Кәсіпорын өз өнімдерін 10-нан астам елдің нарығында сатады: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Грузия, Түркия.
– Кәсіпорын үшін ең бастысы – халықты сапалы, табиғи, денсаулыққа пайдалы күріш және оның өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы денсаулығын сақтау.
Лид: 2022 жылы «Асыл дән LTD» ЖШС еліміздің ең маңызды және беделді байқауларының бірі «Алтын сапа» байқауының «Азық—түлік өнімдерін және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын» атағына ие болды. Бүгінгі таңда «Асыл дән LTD» күріш кәсіпорны «Бәрінен бұрын сапа» ұранымен жұмыс істеп, өндіріс көлемін ұдайы арттырып, әр тұтынушыға жеке көзқараспен қарайтын серпінді дамып келе жатқан компания.
2022 жылы «Асыл дән LTD» ЖШС еліміздің ең маңызды және беделді байқауларының бірі «Алтын сапа» байқауының «Азық-түлік өнімдерін және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын» атағына үміткер. Бүгінгі таңда «Асыл дән LTD» күріш кәсіпорны «Сапа бәрінен де маңызды» ұранымен жұмыс жасап, өндіріс көлемін ұдайы арттырып, әр тұтынушыға жеке қызмет көрсетіп, серпінді дамып келе жатқан компания.
Ұзақ жолдың басы
Бұл жол 2013 жылы 30 га жері бар, өнімділігі тәулігіне 25 тонна күрішті құрайтын шағын күріш өңдейтін зауыт сатып алынғаннан басталған. Бүгінде кәсіпорында тәулігіне 80 тонна күріш өңдейтін жаңа зауыт бар.
2013 жылы кәсіпорын аумағында бұрынғы шағын цехты қайта жаңғырту және күріш шикізатын өңдейтін және ақталған күріш шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Сонымен қатар, өндірісті кеңейту үшін екі гектарға жуық жер сатып алынып, 2,5 мың шаршы метрден астам дайын өнім қоймасы, сондай-ақ шикізатты сақтауға арналған 10 мың шаршы метрден астам қойма алаңы салынды. Ескі ғимараттарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тиімді жұмыс үшін кәсіпорын қажетті мөлшерде арнайы техникалар (жүк түсіргіш, жүк тиегіш, жүк көтергіш) сатып алды. Өндіріс көлемін одан әрі кеңейту үшін зауытқа жақын жері бар 1000 шаршы метрге жуық тұрғын емес үй-жайлар сатып алынды. Кәсіпорын тиімдірек жұмыс жасауы үшін барлық қажетті инфрақұрылым ретке келтірілді. 60 тонналық автокөлік таразылары орнатылып, асхана, бақылау-өткізу пункті, мәжіліс залы күрделі жөндеуден өтті. Ашық аспан астында 5 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатқан кәсіпорын аумағын егіс алқаптарынан келетін астықты сұрыптап, тазалауға дайындалды.
Жаңартылған күріш өңдеу зауыты 2016 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді.
Табиғи өнім
«Асыл дән LTD» ЖШС — экологиялық таза күріш және күріш өнімдерін өндіруші. Кәсіпорынның негізгі қызметі күрішті және күріш өнімдерін өсіру, сақтау, өндіру және өлшеп-қаптау болып табылады.
Кәсіпорын күріш жармасын сапа кепілдігімен және белгіленген мерзімге сәйкес жеткізеді. Зауытта қызметтің ішкі көрсеткіштерінің тиімділігін бағалау, оны бақылау, өнімділікті жақсарту және тұтынушылардың қанағаттануын арттыру үшін перспективалық бағыттарды анықтау механизмі бар. Зауытта заманауи жоғары технологиялық жабдықтар, бүкіл өңдеу процесі мен өнім сапасын бақылайтын зертхана, жүк көліктерінің таразылары, шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қоймалары бар. Дайын өнімдер (ақталған күріш, ұсақталған күріш, «Лидер», «Элита», «Янтарь» және т.б. сияқты өнімдер желісі) меншік иесі ретінде компанияға тиесілі және үшінші тұлғалардың жүктемесін көтермейді.
Компания 2019 жылдан бастап Қызылорда облысындағы ауылдардың бірін өз қамқорлығына алып, күріш дақылдарын егуге қаражат салуды ұйғарды. Бұл күріш егу және жинаумен байланысты барлық процестерді мұқият бақылауға мүмкіндік берді, бұл жоғары сапалы өнім өндірудің бүкіл процесіне оң әсер етті.
Бірнеше жылдан бері «Асыл дән LTD» ЖШС шаруа қожалықтарымен бірге күріш егіп келеді. Егін егу және жинау үшін, компания CLAAS, MacDon сияқты көптеген қажетті шетелдік ауылшаруашылық техникасын және осыған байланысты барлық қажетті техниканы сатып алды.
Қызылорда облысы топырағының минералды құрамы ерекше қасиеті бар күріш өсіруді қамтамасыз етеді. «Асыл дән LTD» ЖШС күрішті мұқият өңдеу технологиялары, пайдалылығы барынша сақталған жарма алуға мүмкіндік береді. «Асыл дән LTD» ЖШС өндіретін күріш тағамдары ерекше көрнекті дәмімен, інжу түсімен, табиғилығымен және шашырап пісуімен ерекшеленеді.
«Асыл дән LTD» ЖШС- сапасы мен пайдалылығы жоғары өнімдерін лайықты сұранысқа ие 10-нан астам елдің нарығында: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Өзбекстан, Тәжікістан, Моңғолия, Қырғызстан, Грузия, Түркия сатады.
Кәсіпорынның басты міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының бірегей жерлерінде өсірілген жоғары сапалы күріштің дәмдік ерекшелігі мен табиғилығын әлемге таныту. Топырақтың тұздылығының жоғарылауы біздің күрішті, ерекше, ұмытылмас дәммен қамтамасыз етеді. Міне, бұл – біздің еліміздің әлемдік күріш өндірушілер нарығында мақтана алатын ерекше қасиеттері.
Басты басымдық – өнім сапасы
«Асыл дән LTD» ЖШС өз алдына сапалы өнім шығарып қана қоймай, кәсіпорынды сапалы дамытуды басты міндет етіп қойып отыр. «Асыл дән LTD» ЖШС ҚР СТ ИСО 9001-2016 (9001:2016) сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізіп, сертификатталған. Компания менеджмент жүйесін қолдайды және сатылатын өнімнің кепілді жоғары сапасын, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өндіріс барысында еңбекті қорғау да қамтамасыз етіледі. ТМД елдерінің күріш жармасына қойылатын талаптары ГОСТ 6292-93 стандартында, ал Қазақстанда – ҚР СТ 1020-2000 стандартында анықталған. «Асыл дән LTD» ЖШС күріш өнімдері сапасы бойынша нормативтік құжаттардың барлық талаптарына сәйкес келеді: Кеден одағының ТР ТС 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестік декларациясы бар.
Комапния Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтымен берілген «Асыл дән LTD» тауар белгісін патенттеді.
Нарық сұранысын ұдайы зерделеу, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту, олардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру кәсіпорынның жергілікті нарықта және одан тыс жерлерде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін стратегиялық мақсаттары болып табылады.
Үздіксіз даму
Кәсіпорын технологиялық инновацияларды енгізу, күшті жұмыс күшін қалыптастыру және ішкі өнімділік стандарттарын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді және тұрақты дамуға ықпал ететін әлеуетті арттыру арқылы сапалы өнімді қарқынды өндіруге бағытталған.
Кәсіпорынның басымдылығы – кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудағы инновациялық көзқарасында. Мысалы, мұнда бір-екі онжылдықта елдің соғыстан кейінгі экономикасын күйреуден көтерген, жапон философиясы -Кайдзен (kaizen) технологиясы енгізіліп, қолданылуда. Үнемді өндіріс 5S тұжырымдамасы кәсіпорынның барлық қызметкерлерін – техникалық персоналдан бастап топ-менеджерлерге дейін қамтиды. Зауытта Кайдзен технологиясы бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы ай сайын шығарылады. Топтарға бөлінген қызметкерлер ай сайын әр сала бойынша жұмыс жасайды: 5S жүйесі, картаға түсіру және т.б. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар мен заттай сыйлықтар алады.
Кәсіпорын сонымен қатар экологиялық таза технологияларды үздіксіз пайдалануды, оның ішінде қалдықсыз өндіріске көшуді көздейді.
Кәсіпорын барлық қызметкерлердің компанияның даму саясатын біліп және біржақты түсінулерін қамтамасыз етуге тырысады. Әрбір қызметкер сапаны, қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге тартылған, кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыруға, бүкіл өндіріс тізбегінің сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін ынталандырылады және жосықсыз жұмыс үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы да көзделген.
Маркетингті дамыту
Өзара тиімді ынтымақтастық және өнімді ілгерілету мақсатында «Асыл дән LTD» ЖШС мүдделі тараптармен әріптестік байланыстарды нығайтып, дамытуда.
Мәселен, компания экспорттық бағытты белсенді дамытып жатыр, сондықтан ол бірінші қазақстандық экспорттаушылар форумына қатысып, 70 компания өкілдерімен қатар өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ компания жыл сайын Сауда және Интеграция Министрлігінің қолдауымен «QazTrade» АҚ ұйымдастыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үздік агроөнеркәсіптік өнімдерінің қазақстандық және халықаралық көрмелеріне, конференцияларға, семинарларға, B2B кездесулеріне қатысады, сонымен қатар Ресей, Әзірбайжан және Тәжікстанда өткен сауда және экономикалық миссияларда меморандумдарға қол қойылды.
Ресми түрде «Асыл дән LTD» Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үздік агроөнеркәсіптік өнімдері көрмесіне қатысқаны үшін «ЕАЭО мүшелік сертификатын» алды.
Бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнімдердің арқасында, мұқият іріктеу мен тексеруден кейін, «Асыл дән LTD» ЖШС 2022 жылы Alibaba.com сауда платформасында «Gold Supplier» (Алтын жеткізуші) мәртебесі бар акаунтпен қамтамасыз етілген, веб-сайты бар аз қазақстандық ұйымдардың бірі болып табылады.
Әлеуметтік қолдау
Кәсіпорын қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысады. Мысалы, компания COVID-19 пандемиясы кезінде Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қосымша кереуеттер мен төсек жиынтығын сатып алу үшін қаражат аударған.
Кәсіпорын тұрақты негізде серіктестік қызметкерлерінің көп балалы отбасыларына да, күріш зауыты аумағына жақын жерде тұратын тұрғындарға да азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған «Болашаққа үмітпен» шарасына да қаржылай көмек көрсетілді. Мысалдарды ұзақ тізбелеуге болады.
Қызылорда, Дархан Ақнұр
Нурлан Алдамжаров, директор ТОО «Асыл дән LTD»
— Компания ТОО «Асыл дән LTD» организовала полный технологический цикл производства и реализации продукции: от посева риса в собственном хозяйстве, его выращивание до полной переработки в готовый фасованный продукт.
— В 2022 году компания «Асыл дән LTD» победила в региональном конкурсе-выставке «Лучший товар Казахстана» в номинации «Лучшие продовольственные товары».
— Компания реализует свою продукцию на рынках более чем 10-ти стран: Казахстан, Россия, Азербайджан, Украина, Узбекистан, Таджикистан, Монголия, Кыргызстан, Грузия, Турция.
— Главное для компании – это сохранение здоровья людей, предоставляя им качественный натуральный полезный рис и его производные.
В 2022 году на звание «Лучшее предприятие, выпускающее продовольственные товары и/или сельскохозяйственную продукцию» одного из важнейших и престижнейших конкурсов нашей страны «Алтын Сапа» претендует компания ТОО «Асыл дән LTD». На сегодня рисовая компания «Асыл дән LTD» – динамично развивающаяся компания с индивидуальным подходом к каждому клиенту, регулярно наращивающая объемы производства, работающая под девизом: «Качество прежде всего».
Начало большого пути
Он начался в 2013 году, когда был приобретен небольшой рисоперерабатывающий цех, имеющий 30 соток земли, производительность которого составляла 25 тонн риса-сырца в сутки. Сегодня компания имеет новый завод, производительность которого составляет 80 тонн риса-сырца в сутки.
Сразу же в 2013 году на территории предприятия была начата реконструкция предыдущего мини-цеха и строительство нового завода по переработке риса-сырца и выпуск риса шлифованного. Дополнительно были выкуплены около двух гектаров земли для расширения производства и возведено более 2,5 тысяч квадратных метров складских помещений для готовой продукции, а также более 10 тысяч квадратных метров складских помещений для хранения сырья. Провели капитальный ремонт в старых помещениях.
Для эффективной работы компания приобрела требуемое количество специальной техники (самосвалы, погрузчики, вилочные кары). Выкупила около 1000 квадратных метров нежилых помещений с землей, прилегающих к территории завода, для дальнейшего расширения производства. На предприятии наладили всю необходимую инфраструктуру для более эффективной работы. Были установлены автомобильные весы на 60 тонн, произвели капитальный ремонт столовой, КПП, конференц-зала. Подготовили территорию предприятия, составляющую более 5 тысяч квадратных метров под открытым небом, для сортировки и очистки зерна, приходящего с полей.
Модернизированный рисоперерабатывающий завод был введен в действие в январе 2016 года.
Натуральный продукт
ТОО «Асыл дән LTD» – производитель экологически чистого риса и его производных. Основным видом деятельности компании является выращивание, хранение, производство и фасовка риса и его производных путем переработки риса-сырца.
Предприятие поставляет рисовую крупу с гарантией качества и соблюдением установленных сроков. На заводе действует механизм оценки эффективности внутренних показателей работы, проводится ее мониторинг, а также выявляются перспективные направления улучшения деятельности и повышения удовлетворенности потребителей. Завод имеет современное высокотехнологичное оборудование, лабораторию, контролирующую весь процесс переработки и качество выпускаемой продукции, автовесы, склады для хранения сырья и готовой продукции. Готовая продукция (рис шлифованный, рис дробленый с линией продукции, как Лидер, Элита, Янтарь и другие) принадлежит компании на правах собственника и не обременена третьими лицами.
С 2019 года компания решила инвестировать ресурсы в посадку рисовой культуры, взяв под свое крыло один из поселков Кызылординской области. Это позволило более тщательно контролировать все процессы, связанные с посадкой и уборкой риса-сырца, что положительно сказалось на всем процессе производства продукции более высокого качества.
На протяжении нескольких лет ТОО «Асыл дән LTD» производит посев риса совместно с крестьянскими хозяйствами. Для посева и сбора урожая компанией было приобретено большое количество необходимой сельскохозяйственной техники зарубежного производства типа CLAAS, MacDon и вся сопутствующая необходимая техника.
Минеральный состав почвы Кызылординской области обеспечивает выращивание риса с уникальными свойствами. Бережные технологии переработки риса ТОО «Асыл дән LTD» позволяют получать крупу, максимально сохраняя полезность злака. Блюда из риса, производимого компанией «Асыл дән LTD» отличаются особым презентабельным вкусом, жемчужным цветом, натуральностью и рассыпчатостью при приготовлении.
ТОО «Асыл дән LTD» реализует свою продукцию на рынках более чем 10-ти стран: Казахстан, Россия, Азербайджан, Украина, Узбекистан, Таджикистан, Монголия, Кыргызстан, Грузия, Турция, где она заслуженно пользуется повышенным спросом за свое качество и полезность.
Одна из основных задач компании — донести до мира особенность вкуса и природную натуральность качественного риса, выращенного на уникальных землях Кызылординской области Республики Казахстан. Повышенная солоноватость почвы обеспечивает нашему рису особенный, неповторимый, незабываемый вкус. Это те особые качества, которыми может гордиться наша страна на мировом рынке производителей риса.
Главный приоритет – качество продукции
ТОО «Асыл дән LTD» ставит себе главную задачу – не только выпуск качественного продукта, но и качественное развитие компании. В «Асыл дән LTD» внедрена и сертифицирована система менеджмента качества в соответствии СТ РК ISO 9001-2016 (9001:2016). Компания поддерживает и актуализирует систему менеджмента компании и обеспечивает гарантированно высокое качество выпускаемой и реализуемой продукции, ее экологическую и пищевую безопасность. В ходе производства обеспечивается и охрана труда. Требования стран СНГ к рисовой крупе определены в стандарте ГОСТ 6292-93, а Казахстана – в стандарте СТ РК 1020-2000. Рисовая продукция ТОО «Асыл дән LTD» соответствует всем требованиям нормативных документов по качеству: техническому регламенту таможенного союза ТР ТС 021/2011 «О безопасности пищевой продукции» и имеет Декларацию о соответствии Евразийского Экономического Союза.
«Асыл дән LTD» запатентовала свой товарный знак, выданный Национальным институтом интеллектуальной собственности РК.
Постоянное изучение спроса рынка, расширение ассортимента выпускаемой продукции, повышение ее качества и безопасности являются стратегической установкой предприятия, обеспечивающей повышение конкурентоспособности продукции на местном рынке и за его пределами.
Непрерывное совершенствование
Предприятие нацелено на интенсивное производство качественной продукции за счет внедрения технологических инноваций, формирования сильного кадрового состава и усовершенствования внутренних стандартов деятельности, а также создания потенциала, способствующего долгосрочному и устойчивому развитию.
Приоритет компании – инновационный подход в подготовке и повышении квалификации своих кадров. Так, например, здесь внедрена и используется технология Кайдзен (kaizen) – японская философия, которая за пару десятилетий подняла из руин послевоенную экономику страны. Концепцией бережливого производства 5S охвачены все сотрудники предприятия – от техперсонала до топ-менеджеров. На заводе ежемесячно подводят итоги по результатам проведенной работы согласно технологии Кайдзен. Сотрудники, разделившись на команды, в течении каждого месяца отрабатывают работу по каждому направлению: система 5С, картирование и т. д. Победители получают денежные вознаграждения и подарки.
Также компания нацелена на беспрерывное использование экологически чистых технологий, в том числе переход к безотходному производству.
Предприятие старается обеспечить знание и однозначное понимание всеми сотрудниками политики развития предприятия. Каждый сотрудник вовлечен в деятельность по обеспечению качества, безопасности, охраны окружающей среды, охраны труда с пониманием того, что осуществление стратегии предприятия предусматривает как поощрение за вклад в повышение качества всей цепочки производства, так и неотвратимость ответственности за недобросовестную работу.
Повышение маркетинга
В целях взаимовыгодного сотрудничества и продвижения продукции, ТОО «Асыл дән LTD» укрепляет и развивает партнерские отношения с заинтересованными сторонами.
Так, например, компания активно развивает экспортное направление, поэтому приняла участие в первом Форуме экспортеров Казахстана, где продемонстрировала свои товары, как и коллеги из 70 компаний. Также компания ежегодно участвует в казахстанских и международных выставках лучших агропромышленных товаров государств – членов ЕАЭС, конференциях, семинарах, В2В встречах, организовываемых АО «QazTrade» при поддержке Министерства торговли и интеграции, а также в торгово-экономических миссиях в России, Азербайджане и Таджикистане, где были подписаны меморандумы.
Официально «Асыл дән LTD» был получен «Сертификат участника ЕАЭС» за участие в Выставке лучших агропромышленных товаров государств – членов ЕАЭС в рамках Евразийского экономического Форума в Бишкеке, Кыргызстан.
Благодаря конкурентоспособной и качественной продукции после жесткого отбора и верификации ТОО «Асыл дән LTD» в 2022 году вошла в число немногих казахстанских организаций, которым был предоставлен аккаунт со статусом «Gold Supplier» («Золотой поставщик») на торговой площадке Alibaba.com и создан мини-сайт.
Поддержка общества
Компания активно занимается благотворительностью. Так, например, во время пандемии COVID-19 предприятием были перечислены денежные средства в Кызылординскую областную инфекционную больницу для покупки дополнительных кроватей и постельных наборов.
На постоянной основе предприятием оказывается помощь в виде продуктовых корзин как многодетным семьям сотрудников компании, так и населению, проживающему возле территории рисового завода. Также была оказана финансовая помощь на проведение мероприятия «С надеждой на будущее» для особенных детей с ограниченными возможностями. Примеры можно перечислять долго.
Кызылорда, Акбота Абенова