Архив
Өздеріңізге белгілі Евразиялық экономикалық одақ құрамына кіргелі одаққа мүше елдер арасында құжаттар қабылдана бастады. Солардың бірі Кеден одағының техникалық регламенттері (КО ТР). Қазіргі таңда 35 КО ТР қабылданып, 34 КО ТР күшіне енген. Сондай регламенттің бірі «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 017/2011 КО ТР.
Осы құжат Қазақстан, Беларусь және Ресей елдеріңнің ортақ қағидалары мен техникалық реттеу ережелері туралы келісіміне сәйкес 2010 жылдың 18 қарашасында, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің біріңғай талаптарының орындалуы мен Кеден одағы аумағында ешқандай кедергісіз айналымға шығуын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. 2011 жылдың 9 желтоқсан айында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында, Кеден одағы комиссия мүшелерімен «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР қабылдау туралы №876 ШЕШІМІ қабылданды. Қабылданған шешім аясында 2012 жылдың 1 шілдесінде аталмыш регламент күшіне енді.
Енді осы 017/2011 КО ТР туралы айтатын болсақ, бұл құжаттың да басқа регламенттер сияқты жалпы қамтитыны: өнім қаіпсіздігі, тұтынушы құқығы, мемлекеттік бақылау, саудадағы техникалық кедергі т.б.. Демек басты мақсат өнімді пайдаланатын тұтынушылардың алданып қалмауы, адам өмірі мен денсаулығының қорғалуы. Қолданылу аясы Кеден одағы аумағында бірдей күшке ие. Осы регламентке кіретін өнімдерді талдай кетер болсақ, олар: тоқыма материалдары, трикотаж және тігін киімдері мен бұйымдары, кілем бұйымдары, былғары галантериялық және тоқыма галантериялық, киіз өнімдері, аяқ киім, тері және тері бұйымдары, былғары және былғары бұйымдары, жасанды былғарылар. Ал бұл регламентке кірмейтін өнімдер: бұрын қолданылған өнімдер, жек тапсырыс бойынша жасалған, балалар мен жеткіншектерге арналған, медицинаға арналғын бұйымдар, каптамаға арналған тоқыма кап материалдары, техникаға арналған материалдар мен бұйымдар, кәдесыйлар мен көркемөнер бұйымдары, спорттық командаларды жабдықтауға арналған спорттық бұйымдар, постижерлік өнімдер (жасанды шаштар, жапсырмалы мұрт, сақалдар т.б.). Жеңіл өнеркәсіп өнімдері биологиялық, механикалық және химиялық қауіпсіздіктерімен бағаланып анықталады. Кез келген жеңіл өнеркәсіп өнімдері осы регламент талаптарына сай болған жағдайда ғана Кеден одағы аумағына сауда айналымына шыға алады. Техникалық регламент талаптарына сай келетіндігі бекітілмеген өнімге Кедан одағының біріңғай белгісі берілмейді де одаққа мүше елдер нарығына шығарылмайды.
Таңбалау талаптары
Өнімнің таңбалануы анық, оқылытын, көруге қол жетімді жерде орналасуы керек. Таңбалануда мынадай міндетті ақпараттар болуы тиіс:
— өнімнің атауы;
— өндіруші ел атауы;
— өндіруші тұлғаның атауы;
— өндіруші тұлғаның заңды мекенжайы;
— бұйым көлемі;
— шикізат құрамы;
— тауар белгісі;
— кеден одағына мүше мемлекеттердің сауда нарығындағы біріңғай белгісі;
— өндірушінің міндетті кепілдігі (қажеттілікке байланысты);
— өндірілген күні;
— өнімдер топтамасының нөмірі (қажеттілікке байланысты).
Өнімдердің түрлеріне байланысты массасы, сұрыпы, үлгісі, қалыңдығы т.с.с. көрсеткіштері жазылады.
Сәйкестікті растау
Жеңіл өнеркәсіптік өнімдер нарыққа шықпас бұрын міндетті түрде осы техникалық регламент талаптарына сай екендігін растайтын процедурадан өтуі тиіс. Ол процедура қорытындысы бойынша өніміңіз регламент талаптарына сай болған жағдайда сәйкестік декларациясы немесе сәйкестік сертификаты беріледі. Сертификатты Кеден одағының комиссиясымен бекітілген біріңғай нысанда сәйкестікті растау органы береді. Сәкестікті растауға өтіш беруші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға болуы мүмкін.
Осы жоғарыда айтылған Кеден одағы техникалық регламентінің талаптары сіз бен біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін құжат десек болады. Күнделікті қоғамда тұтынатын жеңіл өнеркәсіптік өніміңізді еш күмәнсіз қолдана алуыңызға қауіпсіздік талаптарын белгілейтін құжат. Сондықтан қарапайым халыққа ақпарат ретінде жалпылама түсіндіруді жөн көрдік. Тақырыппен толығырақ танысамын деушілерге ғаламтор желісі арқылы ЕЭК сайтына кіріп Кедан одаға техникалық регламенттері арасынан «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 017/2011 КО ТР карасаңыздар болады, немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінен (ТРМК Астана қаласы бойынша департаменті) аталмыш регламенттің электронды нұсқасын ала аласыздар. Біздің толық мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі 11 үй, Эталон орталығы ғимараты. Байланыс телефондары: 27-07-46, 27-07-45. Email: gosnadzor_astana@mail.ru.