Алтын Сапа
В жизни каждого человека бывают события, которые кардинально меняют его судьбу. Таким переломным моментом для меня был 1997 год, когда начался новый путь, связанный с холдингом Alageum Electric.
Для Кентауского трансформаторного завода, переживавшего трудные времена, это было совершенно новое направление. Выросшие из «советской шинели», мы, производственники, тогда начали свободное плавание в мир глобального рынка.
Вместе с основателем холдинга Сайдуллой Ильясовым за эти четверть века мы прошли огромную школу жизни, трудный и тернистый путь, на котором были взлеты и падения, ошибки и победы.
Но мы работали не покладая рук. Мы стали единой командой. Сегодня нас, первопроходцев, Абуталипа Кудайберген, Сергазы Кунтуарова и Нурмахана Абдрахманова, начинавших с С. И. Кожабаевым и ставших единомышленниками и соратниками, в коллективе называют «три кита», на которых держится крупнейшая в Центральной Азии электротехническая компания.
Этим можно по праву гордиться.
Признаюсь, что я никогда не жаждал должности, не стремился к карьере. Это знают все, кто рядом со мной все эти годы.
Считаю, что кем бы ты ни работал, надо просто честно и с полной отдачей трудиться, быть дисциплинированным и ответственным, любить свое дело. И тогда к тебе придут уважение, признание и успех. Обязательно!
В жизни не надо искать легких путей. Чем благороднее цель, тем труднее к ней дорога. Преодолеть ее поможет твое упорство и Всевышний.
Моя жизнь – тому подтверждение. После окончания КазХТИ с дипломом инженера-химика-технолога пришел в сентябре 1980 года на АО КТЗ. Через три месяца работы мастером изоляционного цеха меня назначили начальником цеха трансформаторов малой мощности, затем выбрали председателем профкома.
История компании Alageum Electric – это история реанимации и экономического оздоровления слабых предприятий и, конечно, создания новых современных производств.
Выйти из кризиса, создать полноценный прибыльный бизнес с высокой капитализацией – эту задачу мы активно решали в те, первые, годы становления холдинга. И главное – решали собственными силами.
Так, в 1999 году передо мной была поставлена задача – поднять Алматинский электромеханический завод. Все его работники тогда находились в отпусках без содержания, огромные долги по налогам, зарплате, поставщикам…
Начав с заместителя исполнительного директора по коммерческой работе и маркетингу, в 2001 году был назначен генеральным директором предприятия. В те годы я буквально жил на заводе.
И постепенно дела пошли в гору. За эти 12 лет мы вывели предприятие-банкрот в ведущего производителя низковольтного и высоковольтного оборудования.
Затем на очереди было АО «Электромонтаж». История этой строительно-монтажной организации идет с советского периода, но, не сумев найти себя в рыночный период, ЭЛМО тоже было в плачевном состоянии, с огромными долгами по всем основным финансово-хозяйственным показателям.
Таким я застал его в 2014 году, придя в качестве заместителя генерального директора. В 2020 году меня назначили Председателем Совета директоров АО «Электромонтаж».
Принимая эти объекты, находящиеся в трудном положении, наша управленческая команда разрабатывала долгосрочную программу развития, кардинально меняя бизнес-процессы, оптимизируя производственную политику и устанавливая новую прозрачную финансовую дисциплину.
Должен сказать, что основатель холдинга Alageum Electric Сайдулла Кожабаев все эти годы проявил стратегическое видение развития бизнеса, умение расставлять приоритеты и привлекать на ответственные участки необходимых людей.
Сегодня мы можем уверенно говорить о феномене и успешном практическом опыте экономического оздоровления неэффективных производств в разных регионах страны, их успешной трансформации в ведущие предприятия крупной электротехнической компании.
В этом заслуга и лидера, и всей нашей команды. Успешными топ-менеджерами стали генеральный директор АУ АО «Электромонтаж» Ермек Умбеталиев, Даурен Саменов.
25 лет в коллективе идет непрерывная смена поколений. Сегодня в цехах и отделах много молодежи. Ее надо кропотливо учить не только профессиональным навыкам, но и культуре производства, дисциплине, пониманию ответственности, умению принимать решения.
И на этом мне хотелось бы остановиться с учетом своего жизненного опыта.
Что сегодня важно понять молодым кадрам?
Первое. Время – это единственный невозобновляемый и самый ценный ресурс, который невозможно купить ни за какие деньги. Оно уходит безвозвратно. Надо ценить каждый день своей жизни, каждую минуту, в том числе и на производстве.
Учиться управлять временем, организуя четкое планирование работы и контроль достижения цели, вовремя реагировать на проблемы – здесь порой на счету бывает каждая секунда.
Следует помнить, что бессмысленная трата времени приведет к бессмысленной жизни.
Второе. Нужен самоконтроль. Работа над собой позволит управлять своим поведением, желаниями, эмоциями. Это поможет стать хозяином своей жизни, совершать меньше ошибок, делать правильный выбор.
Третье. Уметь принимать решение, брать ответственность на себя. Часто сталкиваюсь с нежеланием сотрудников принять соответствующее решение, перекладывая задачи на других. Это создает дисбаланс, ведь, придя к руководителю с незрелым, непродуманным решением, он отнимает его время, заставляя работать за себя, хотя идеи должны быть продуманы и четко отработаны в отделе, а уже потом в виде конкретного предложения обсуждаться на уровне общего руководства.
Четвертое. В жизненных приоритетах многие делают ставку в первую очередь на материальные блага. Едва перешагнув порог, многие молодые сотрудники жаждут высокой зарплаты. Считаю, что это не должно быть самоцелью. Ты должен стать профессионалом, незаменимым и ценным в коллективе, привнести в общее дело свой вклад, достичь прогресса, тогда к тебе придет материальная стабильность.
Успех, достигнутый нами за эти 25 лет, впечатляет и радует.
Но время идет вперед, появляются новые, более сильные конкуренты. Любой достигнутый успех не дается на всю жизнь. Его надо удержать. А это всегда труднее.
Помня об этом, мы должны трудиться еще лучше.
Абуталип Кудайберген
Өмірдің тақтайдай түзу болмайтыны белгілі. Дөңгеленген дүниеде тағдырыңды адам танымастай өзгертетін сәттер аз емес. Сондай жағдаймен мен 1997 жылы бетпе-бет келдім.
Осы жылы менің жолым Alageum Electric холдингімен түйісті. Бұл кез Кентау трансформатор зауыты үшін де жаңа өзгерістің басы болды. Холдинг бұған дейін талай қиындықты басынан өткізген екен. «Кеңес одағының шекпенінен» шыққан біз сияқты өндіріс қызметкерлеріне бұл жағдай жаңа бетбұрыстың алды, әлемдік нарықта еркін дамудың мүмкіндігі болды.
Кеменің дұрыс жүзуі капитанға байланысты демей ме?! Сол секілді біздің де жұмысымыздың алға басуына холдингтің негізін қалаушы Сайдолла Ілиясовтың еңбегі зор. Жетекшіміздің жетелеуімен талай жетістікке қол жеткіздік. Әрине, ширек ғасырлық еңбегімізде өрлеу де болды, құлдыраудан да кенде болмадық.
Осы жылдар ішінде жеңістерден қуат алып, жеңілістерден сабақ жинай жүріп үлкен өмір мектебінен өттік. Талмай ізденудің, еңбектенудің арқасында біз бірлігі мығым үлкен ұжымға айналдық. Бүгінде орталық Азиядағы ең ірі компанияның жандануына С.Қожабаевпен бірге ерекше еңбек сіңірген Әбутәліп Құдайберген, Серғазы Күнтуаров және Нұрмахан Әбдірахмановты әріптестеріміз «Үш тірек» деп атайды. Әріптестерден мұндай сөз есту біз үшін бұл үлкен мәртебе.
Шыны керек, өз басым жоғары лауазымға ұмтылған, мәнсап қуалаған жан емеспін. Мұны талай жылдан бері менімен қатар жұмыс істеген әріптестердің бәрі біледі. Өйткені мен қайда қызмет етсем де, кіммен қызметтес болсам да адалдықтан айнымадым, жұмысты жан-тәніммен, бар ниетіммен атқардым.
Ал табысқа жету үшін өз ісіңді шын сүйіп, барлығын дер кезінде, асқан жауаптылықпен атқару керек. Сонда құрмет те, сый мен табыс та өз-өзінен келеді. Бұл — өмірдің заңы. Оған күмән болмауы керек.
Мақсатына жеткісі келген адам қиындықтан қашпағаны жөн. Жеңілдің үсті, ауырдың астымен жүргендер ешқашан табысты болмайды. Әлбетте, биікке жетудің оңай болмайтыны рас. Бірақ, табанды адамды Тәңір сүйеді, қолтығынан демеп, қиындықты жеңуіне көмектеседі. Оған менің өмір жолым нақты дәлел бола алады.
1980 жылы Қазақ химия технология институтын бітіргеннен кейін мен бірден Кентау трансформатор зауытына жұмысқа келдім. Жалындаған, қиындықтан қорықпайтын жас маманмын. Содан болар, цех шебері болып үш ай жұмыс істегеннен кейін шағын қуатты трансформаторлар цехының басшысы етіп тағайындалдым. Одан кейін кәсіподақтың төрағасы болдым.
Жалпы Alageum Electric холдингінің тарихы – бұл еліміздегі әлсіз өндіріс ошақтарына жан бітірудың, жұмысын жетілдірудің, сонымен бірге жаңа заманауи өндіріс орнына айналдырудың тамаша үлгісі. Сол сындарлы уақытта біз дағдарыстан шығынсыз шығып, табысты бизнес орталығын құруды мақсат еттік. Әрі бұл мәселені тек өз күшімізбен шешуге тырыстық.
Сөйтіп, 1999 жылы маған Алматы электромеханикалық зауытын жандандыру тапсырылды. Бұл кезде зауыттың барлық қызметкері жалақысыз демалыста екен. Салық, жалақы бойынша қарыздар, жеткізушілер алдындағы міндеттемелер адымды аштырмай тұрған тұс…
Атқарушы директордың коммерциялық жұмыс және маркетинг жөніндегі орынбасары ретінде жұмысымды бастап, 2001 жылы кәсіпорынның бас директоры болып тағайындалдым. Қайтсем де зауытты аяғынан тік тұрғызам деп алдыма үлкен мақсат қойғандықтан, сол жылдары үй көрмей, бар уақытымды жұмыс орнымда өткіздім десем артық болмас. Ал табандылықтың алмайтыны қамалы жоқ.
Еселеп еңбек еткеннің арқасында компанияның жағдайы бірте-бірте көтеріле бастады. 12 жыл ішінде атқарған тынымсыз жұмыстың, ізденістің арқасында біз жабылудың алдында тұрған кәсіпорынды төмен және жоғары вольтты құрылғы өндіретін жетекші кәсіпорынға айналдырдық.
Бұдан кейінгі кезек «Электромонтаж» АҚ-ға келді. Тарихы сонау кеңестік кезеңнен бастау алатын бұл құрылыс-монтаж мекемесі де нарықтың талабына ілесе алмай, барлық негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер бойынша орасан зор қарызға батып, аянышты жағдайда тұрған еді. 2014 жылы бұл жерге бас директордың орынбасары болып келгенде мекеменің ахуалы тым ауыр болды. 2020 жылы «Электромонтаж» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы етіп тағайындалдым.
Қиын жағдайдағы нысандарды қабылдай келе біздің команда бизнес-процестерді түбегейлі өзгертетін, өндіріс саясатын оңтайландыратын және жаңа ашық қаржылық тәртіпті орнататын ұзақ мерзімді даму бағдарламасын әзірледі.
Осы бір күрделі сәтте Alageum Electric холдингінің негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев әрдайым жанымыздан табылды. Бизнесті дамытуда жол көрсетіп, стратегиялық көзқарасын білдіріп, жауапты салаларға қажетті мамандарды іріктей білді.
Осындай сындарлы жолдан өтіп, бай тәжірибе жинағаннан кейін біз еліміздің әртүрлі аймақтарындағы тиімсіз салалардың экономикасын қалай қалпына келтіруге болатыны, ірі электротехникалық компанияны жетекші кәсіпорынға айналдырудың тетігі туралы сеніммен айта алатын дәрежеге жеттік. Мұның барлығы мықты басшы мен еңбекқор ұжымның мол тәжірибесінің арқасы.
Жылдар бойы жасаған еңбегінің нәтижесінде «Электромонтаж» АҚ-ның бас директоры Ермек Үмбеталиев пен «ЭЛМО» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалының директоры Дәурен Сәменов табысты топ-менеджерлер атанды. Осы аралықта ұжымда қаншама буын алмасты. Бүгінде цехтар мен бөлімшелерде жастар көп. Олар шыңдалуы үшін кәсіби шеберлігін ғана байытып қоймай, өндіріс мәдениетіне, тәртіпке, жауапкершілікті сезінуге, шешім қабылдай білуге дағдыландыру маңызды.
Аға буынның жастарға жол көрсетіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісуі парыз. Соған орай мен де өз түйгенімді кейінгі буынға үйретсем деймін. Қазіргі жастарға нені түсіну маңызды?
Біріншіден, уақыт – ешбір ақшаға сатып алуға болмайтын ең құнды ресурс. Оны қайтару, қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан өміріңіздің әр күнін, әрбір минутын бағалаңыз! Бұл өндірісті өркендетуге кететін уақытқа да қатысты.
Мүмкіндігінше уақытты басқаруды үйреніңіз. Ол үшін жұмысты нақты жоспарлап, мақсатқа жетуге бастайтын әр қадамды бақылау керек. Кез келген мәселені бірден шешуге тырысқан жөн, өйткені мұндай сәтте әр секунд бағалы. Уақытты босқа өткізу мағынасыз өмірге әкелетінін есте ұстаған жөн.
Екінші. Өз-өзіңді бақылай білу маңызды. Өзіңді бақылауда ұстау арқылы әр қадамыңды, мақсат-тілегіңді, көңіл-күйіңді басқаруға болады. Бұл өз өміріңізге қожайын болып, аз қателесуге, дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Үшінші. Шешім қабылдап, өз әрекетіңізге жауап беруге үйрену керек. Жауапты шешім қабылдағысы келмей, ауыртпалықты басқаларға аударғысы келетін қызметкерлерді жиі кездестіремін. Бұл теңгерімсіздік тудырады. Себебі менеджерге шала ойластырылған, шикі шешімімен келген қызметкер уақытты алады, сол арқылы өзгелерді өзі үшін жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Дұрысында жаңа идеялар алдымен бөлімде ойластырылып, пысықталғаннан кейін ғана басшылық назарына ұсынылып, осы ортада талқылануы тиіс.
Төртінші. Өмірлік ұстанымын анықтағанда көп адам ең алдымен материалдық игіліктерге қол жеткізсем деп армандайды. Тіпті жұмысқа енді тұрып, табалдырықтан жаңа аттаған жастардың өзі алдымен жоғары айлық сұрап жатады. Менің ойымша, көп жалақы алу — басты мақсат болмауы керек. Сіз әуелі өзіңіздің кәсіби шебер, ұжымдағы таптырмас құнды қызметкер екеніңізді мойындатып, ортақ іске өз үлесіңізді қосуыңыз керек. Үнемі ізденетін, ілгері жүретін адамның материалдық игілікке жетуі қиын емес.
Жалпы, 25 жыл ішінде қол жеткізген табысымыз мерейімізді тасытып, жігерімізді жани түседі.
Әрине, уақыт бір орында тұрмайды. Заман алға жылжыған сайын жаңа, мықты бәсекелестердің пайда болатыны қалыпты жағдай. Осындайда кез келген табысты мәңгі ұстап тұруға болмайтынын түсінуіміз керек. Оны уыстан шығармау қиынның қиыны. Ол үшін бізге үнемі іздену, еңбектену қажет.
Өйткені, еңбектің өзі жеңімпазды сүйеді.
Әбутәліп Құдайберген