Алтын Сапа
Гүлия Жүзенова, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС бас директоры
Тәуелсіздіктің және мемлекеттің қолдауының арқасында еліміздің фармацевтикалық саласындағы ең танымал «Эко-Фарм» бренді жыл өткен сайын дамып, өндірісті кеңейтуде. 30 жылдығын биыл атап өтіп жатқан еліміздің Тәуелсіздігі, компанияның 25 жыл бұрын пайда болуына мүмкіндік берді. Ол бүгінде Қазақстан Республикасының фармацевтика саласының флагманы болып табылады. «Эко-Фарм» компаниясының негізін салушы, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС бас директоры Гүлия Бексұлтанқызы Жүзеновамен біздің сұхбатымыз компания туралы болмақ.
Пандемия кезіндегі көмек
Екі жыл пандемия жағдайы ұлттық қауіпсіздік үшін қысқа мерзімде елімізге қажетті медициналық бұйымдарды шығаратын жеке фармацевтикалық кәсіпорынның болуы қаншалықты маңызды екенін сездірді. Бұл кезеңде «Эко-Фарм» ЖШС өзінің толыққанды тиімділігін көрсетті. Айталық, кәсіпорын дәке және матадан тігілген көп рет қолданылатын маскаларды шығарып, шымкенттіктердің қажеттіліктерін толық жапты. 2020 жылы бір миллионнан астам маска шығарылды. Бұған қоса Түркістан облысына көмектесудің орайы келді.
Тәуелсіз Қазақстан — бизнесті дамыту мүмкіндігі
Гүлия Жүзенованың кәсіпорынды басқару тарихы пандемиядан бұрын басталды. «Бізде отбасылық бизнес. Біз отбасылық кеңесте аз жалақыға қанағаттанбай, өз ісімізді ашуды шештік. Ақша жинап,1995 жылы шағын дәріханалық дүңгіршек аштық. Шектеулі партиямен мақта шығарып, дәріқобдишаны жабдықтадық. Сонымен қатар аз ғана қорғаныш киімдерін, көп рет қолданылатын оба ауруына қарсы жиынтықтар шығардық. Уақыт өте келе бізге балалар қосылды»-деп еске алады Гүлия Бексұлтанқызы. – Көптеген қиындықтар мен кедергілер болды. Алайда 15 жыл қажырлы еңбек жақсы нәтиже берді. 2010 жылы «Эко-Фарм» көтерме-бөлшек сауда фармацевтикалық компаниясының штаты 250 адамға жетті. Бірақ біз еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып, кәсіби әлеуетімізді іске асыру үшін заманауи технологиялық зауытты ұйымдастыруды армандадық. Біздің идеяларымыздың бірі-ыңғайлы және қауіпсіз қан жинап, әрі қарай оны сапалы тасымалдау үшін вакумдық бір реттік құты өндіру болды».
Мемлекеттің қолдауы
Мұндай мүмкіндік пайда болды. «Мен әрқашан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын мұқият тыңдадым. Жолдау мені өте шабыттандырады, — дейді Гүлия Бексұлтанқызы. — Әсіресе Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі-индустриялық дамыту бағдарламасы жігерлендіреді. Бағдарлама отандық өндірісті дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашты. Сол кезде медициналық бұйымдар шығаратын бірнеше зауытты іске қосу идеясы пайда болды. Мен оңай болмайтынын түсіндім, бірақ осыншалықты қиын деп ойламаппын. Алайда бізді жергілікті билік қатты қолдады және әсіресе Түркістан облысының (бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы) әкімі Асқар Мырзахметов және оның орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың қолдауы зор болды. Нәтижесінде 2012 жылы «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС құрылды. Компания тікелей мендициналық бұйымдар шығаруға арналған. Компанияның қолда бар инфрақұрылымы-электр энергиясы, табиғи газ,су,кәріз және жолдар «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынды. Мемлекет шығарылатын өнім туралы да алаңдады. № 791 04.08.2010 жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен бағдарламаны іске асыру аясында Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамытуға мемлекет «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы арқылы ел ішінде шығарылатын өнімді 10 жыл бойы өткізудің кепілдендірілген нарығын қамтамасыз етеді. Әрі қарай сыртқы нарыққа жол ашылды. Бұл өндіріске аяғына нық тұруға мүмкіндік берді. Мемлекеттің қолдауының арқасында біздің мамандар оқып, белсенді түрде өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттырды. Бізге ИСО-ны енгізуге шығындардың 50 % қайтарылды. Мұндай көмекті еліміздің тауарөндірушілерге үлкен қамқорлығы деп бағалаймыз. «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС зауытын іске қосу нәтижесінде еліміздің емдеу-сауықтыру мекемелері қаржыны үнемдеу мүмкіндігіне, ал медициналық қызметкерлер жоғары қауіпсіздік кепілдігіне ие болды. Залалсыздандырылған бір реттік вакумдық құтыларды өндіру әлі күнге дейін ТМД кеңістігінде жалғыз, ал технология өндірісі — тасымалдау тенхнологиясын әзірлеу әдісі құпия және компанияның зияткерлік меншігі болып табылады. Айта кету керек, зауыт келешекке арнап салынған, оның жобалық қуаттылығы жылына шамамен 200 млн вакумдық құты өндіру. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтеп, өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. «Атап өтсем, біздің өнімнің отандық үлесі 67%-дан 89%-ға дейін. Пандемияның басында шекараның жабық болуынан көптеген өндірушілерде шикізатты жеткізу мәселесі туындағаны белгілі. Отандық өндірістің үлесінің пайызы жоғары болуының арқасында бұл мәселе бізді айналып өтті»-деп әңгімеледі басшы.
Ортопедиядағы инновациялар
«Эко-Фарм» ЖШС компаниялар тобына кіретін келесі зауыт «100 нақты қадам» ұлт жоспары және бес институционалды реформаны іске асыруға үлес қосу мақсатында Қазақстанның үдемелі-индустриялық даму бағдарламасы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында іске қосылды. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын «Ортопедиялық полиуретан дәкілер мен шиналар» зауытының құрылысы жобасы аясында «Marai E7 Group» ЖШС 2017 жылы Шымкенттегі «Тассай» индустриялық аймағында ашылды. Бұл кәсіпорында да барлық инфрақұрылым мемлекеттің қолдауының арқасында салынды. Нәтижесінде кәсіпорын ең заманауи инновациялық технологиялар бойынша медициналдық мақсаттағы бұйымдардың 17 түрін шығаруға табысты кірісті. Өнімдер еліміздің медициналық ұйымдарында өте көп сұранысқа ие.
Жабдықтар мен сапа стандарттары
Компанияда Оңтүстік Корея, Германия, Австрия, Италия және Швейцарияда шығарылған технологиялық жабдықтар бар. Олар халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жобаланып, жабдықталған. Еуропалық сападағы шикізат қолданылады. Барлық өндіріске ENISO 13485:2012 халықаралық стандарт енгізілген және соған сәйкес өндірістік бизнес процестердің қатаң тізбегі құрылған. Нәтижесінде шығарылатын барлық өнімдердің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі, оның ішінде қан жинауға арналған бір реттік залалсыздандырылған вакумдық құты, тамырдан алынатын қанның 57 түрін сақтау және тасымалдау, екі жақты ине мен ине ұстағыштың 6 түрі бар.
Адамдық капитал
Әрине қызметкерлерсіз мұндай нәтижеге жету мүмкін емес. Бүгінгі күні компаниялар тобында 480-нен астам адам еңбек етеді. Санитарлардан бастап топ-менеджерлерге дейін барлығы оқудан өтті. Қызметкерлер тұрақты түрде біліктіліктерін арттырып, жұмысқа ынта-жігерлері болу үшін басшылық қолдан келген мүмкіндіктерді жасап, оларға қамқор болады.
Сонымен қатар кәсіпорын жас қызметкерлерді даярлауға белсенді қатысады. Биыл Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен (ОҚМУ) қос тарапты оқытуға меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ компания Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясымен ынтымақтастық байланыста. Осылайша студенттер оқудан алшақтамай кәсіпорында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. 2020 жылы пандемия кезінде тігін өндірісі 15 жұмыс орнынан 100-ге дейін кеңейтілді. Жеке қорғаныш құралдары: түрлі үш қабатты маскалар, респиратор-маскалар, түрлі қорғаныш деңгейіндегі фиш-маскалар және бір реттік, көп рет қолданылатын қорғаныш комбинезондарын тігу үшін 250 орынға дейін компанияны әрі қарай кеңейту жоспарланды. Өнімдерді және оның ассортиментін шығаруды ұлғайту үшін «Тассай» индустриялық аймағында өндірістік алаңдарды кеңейту жоспарланды.
«Біз қазақстандықтардың денсаулығы үшін жұмыс істеп, оқып, жоспарлар құрып және армандарды іске асырамыз. Бұл бізге жаңа белестерді бағындыруға күш-қуат береді. Осы жағдайды пайдаланып, өз атымнан және компанияның атынан қазақстандықтарды ұлы мереке — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтағым келеді! Еліміздің Тәуелсіздігі батыл жоспарларды іске асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Біз мұны өз тәжірибемізден көрдік және көрсетілген көмекке алғысымызды білдіреміз. Қазақстандықтарды тәеулсіздіктің жемісін белсенді қолданып, біздің еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырамыз».
История успеха фармацевтической компании
Благодаря обретенной Независимости и Государственной поддержке, самый известный бренд в фармацевтической отрасли страны «Эко-Фарм» с каждым годом набирает обороты и расширяет производство. Независимость страны, 30-летие которой мы отмечаем в этом году, позволила появиться более 25-ти лет назад компании, которая сегодня является флагманом фармацевтической отрасли Республики Казахстан. Об этом – наша беседа с основателем компании «Эко-Фарм», генеральным директором ТОО «ЭкоФарм Интернейшнл», Гулией Бексултановной Джузеновой.
Помощь во время пандемии
Два года жизни в условиях пандемии показали, насколько важно для национальной безопасности иметь собственные фармпредприятия, способные в кратчайшие сроки начать выпуск необходимых по всей стране изделий медицинского назначения. Свою эффективность в этот период в полный рост продемонстрировало ТОО «Эко-Фарм», закрыв, например, острую потребность шымкентцев в марлевых и тканевых многоразовых масках. Их было сшито только в 2020 году более миллиона штук. Еще удалось помочь и Туркестанской области.
Независимый Казахстан – возможности развития бизнеса
История возглавляемых Гулией Джузеновой предприятий началась задолго до пандемии. – У нас семейный бизнес. Мы на семейном совете решили не довольствоваться скромными окладами, а организовать свое дело. Копили деньги и в 1995 году открыли небольшой аптечный киоск. Выпускали ограниченными партиями фасованную вату и комплектовали аптечки. Также в небогатом на тот момент ассортименте была защитная одежда, противочумные комплекты многоразового применения. Со временем к нам присоединились дети, – вспоминает генеральный директор, – было много сложностей и трудностей, однако 15 лет упорного труда дали хорошие результаты. В 2010 году штат нашей оптово-розничной фармацевтической кампании «Эко-Фарм» достиг 250-ти человек. Но мы мечтали об организации современного технологического завода, чтобы внести свой вклад в развитие страны и реализовать свой профессиональный потенциал. Одна из наших идей – производство вакуумных одноразовых пробирок с целью удобного и безопасного забора крови, а также их последующая качественная транспортировка.
Поддержка государства
Такая возможность появилась. – Я всегда внимательно изучала каждое послание Елбасы, Нурсултана Абишевича Назарбаева, народу Казахстана. Они меня очень вдохновляют, – говорит Гулия Бексултановна, – особенно меня воодушевила принятая Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010-2014 годы. Она открывала большие возможности для развития отечественного производства. Тогда появилась идея запустить несколько заводов по производству медизделий. Я осознавала, что будет непросто, но чтобы настолько… Однако нас мощно поддержали местные власти и лично аким Туркестанской области (ранее Южно-Казахстанской) Аскар Мырзахметов и его заместитель Сапарбек Туякбаев. В результате в 2012 году был дан старт работе ТОО «ЭкоФарм Интернейшнл». Компания специализируется непосредственно на производстве изделий медицинского назначения. Вся имеющаяся инфраструктура компании – электроэнергия, природный газ, вода, канализация и дороги к производству – была построена в рамках госпрограммы «Дорожная карта бизнеса-2020». Государство побеспокоилось и о реализации выпускаемой продукции. Постановлением Правительства РК от 04.08.2010 года за № 791 в рамках реализации Программы по развитию фармацевтической промышленности Республики Казахстан государство обеспечивает гарантированный рынок сбыта выпускаемой продукции в течение 10 лет внутри страны через единого дистрибьютора ТОО «СК-Фармация» с дальнейшим выходом на внешний рынок, что дает производству возможность окрепнуть и встать на ноги. Благодаря господдержке, наши специалисты активно обучались и повышали свой профессионализм, нам возмещались 50% затрат на внедрение ИСО. Такую помощь мы оцениваем как великую заботу страны о товаропроизводителях. В результате запуска завода ТОО «ЭкоФарм Интернейшнл» лечебно-профилактические учреждения страны получили возможность экономии средств, а медперсонал – повышенную гарантию безопасности. При этом производство стерильных одноразовых вакуумных пробирок является первым и до сих пор единственным на пространстве СНГ, а технология производства – это конфиденциальная разработка трансфер технологий и интеллектуальная собственность компании. Стоит отметить, что завод построен на перспективу, его проектная мощность – порядка 200 миллионов вакуумных пробирок в год, что с лихвой перекрывает потребности внутреннего рынка и позволяет выпускать продукцию на экспорт. Отмечу, что доля отечественного содержания в нашей продукции составляет от 67% до 89%. Всем известно, что у многих производителей в начале пандемии возникли проблемы с поставками сырья из-за закрытых границ. Благодаря высокому проценту содержания отечественного производства, нас подобные проблемы мало коснулись, – рассказала руководитель.
Инновации в ортопедии
– Следующий завод, входящий в группу компаний ТОО «Эко-Фарм», был запущен в рамках реализации Государственной Программы «Дорожная карта бизнеса-2020» по форсированному индустриально-инновационному развитию Казахстана с целью внесения своего вклада в реализацию Пяти институциональных реформ и плана нации «100 конкретных шагов». Проект «Строительство завода по выпуску изделий медицинского назначения ″Ортопедические полиуретановые бинты и шины″» в рамках ТОО «Marai E7 Group» стартовал в 2017 году в Индустриальной зоне «Тассай» города Шымкента. Вся инфраструктура в нем также построена при поддержке государства. В результате – предприятие успешно приступило к выпуску 17 наименований изделий медицинского назначения по самым современным инновационным технологиям. Продукция очень востребована медицинскими учреждениями страны.
Оборудование и стандарты качества
– Компании располагают современным технологическим оборудованием производства Южной Кореи, Германии, Австрии, Италии и Швейцарии, спроектированным и оснащенным на перспективу в соответствии с международными стандартами. Используется сырье европейского качества. На всех производствах внедрен международный стандарт ENISO 13485:2012, и в соответствии с ним выстроена строгая цепочка всех бизнес-процессов производства. В результате обеспечивается высокое качество всей выпускаемой продукции, в том числе одноразовой стерильной вакуумной пробирки для забора, хранения и транспортировки венозной крови 57-ми видов, двухсторонних игл 6-ти видов и иглодержателей.
Человеческий капитал
– Конечно же, добиться таких успехов невозможно без персонала, а их на сегодняшний день в группе компаний более 480-ти человек. Все, от санитарки до топ-менеджеров, прошли необходимое обучение. Руководство делает все возможное, чтобы сотрудники имели возможность регулярно повышать квалификацию, быть мотивированы к работе и видеть заботу о них. Кроме того, предприятие принимает активное участие в подготовке молодых специалистов. В этом году был подписан меморандум на дуальное образование с Южно-Казахстанским Государственным Университетом имени М. Ауэзова (ЮКГУ) в Шымкенте. Также компания сотрудничает с Южно-Казахстанской медицинской академией – таким образом студенты получили возможность проходить практику на предприятии без отрыва от учебы.
Планы на будущее
– Во время пандемии, в 2020 году, швейное производство было расширено с 15-ти рабочих мест до 100. Планируется дальнейшее расширение компании до 250-ти посадочных мест для пошива средств индивидуальной защиты: трехслойных масок разного исполнения, масок-респираторов, масок-фиш разной степени защиты, защитных комбинезонов одноразового и многоразового применения. Для увеличения выпуска продукции и ее ассортимента планируется расширение производственных площадей в Индустриальной зоне «Тассай». Мы работаем, учимся, планируем и воплощаем мечты во благо здоровья казахстанцев. Это придает нам силы покорять все новые вершины! Пользуясь случаем, хотела бы от своего имени и от имени всего коллектива поздравить казахстанцев с великим праздником – 30-летием Независимости Республики Казахстан! Независимость страны дает очень широкие возможности для реализации самых смелых планов. Мы это ощутили на собственном опыте, и за оказанную поддержку очень благодарны. Призываю казахстанцев активнее пользоваться ее плодами, внося свой посильный вклад в процветание нашей страны!