Архив
Александр Рябинин, генеральный директор ТОО «RecyclingCompany»
Сегодня проблема загрязнения окружающей среды и последствия пагубного влияния на здоровье человека являются одними из самых обсуждаемых тем во всем мире. Свой весомый вклад в решение этой задачи в нашей стране вносит ТОО «RecyclingCompany», являющееся первым и единственным предприятием Казахстана и Центрально-Азиатского региона, который специализируется на утилизации вышедших из эксплуатации транспортных средств (ВЭТС). Его обороты и производственные мощности регулярно растут. Об эффективной инновационной деятельности компании – наша беседа с генеральным директором Александром Геннадьевичем Рябининым.
– Александр Геннадьевич, с чего все начиналось?
– Наше предприятие заработало в 2017 году. Многие сомневались в том, что казахстанцы будут активно сдавать старые машины, но уже на 1 ноября 2018 года предприятие переработало 44 тысячи автомобилей. Я думаю, что успешный старт любого производства зависит от качественного бизнес-планирования и целесообразности производства. На сегодняшний день автотранспорт с большим износом наносит наибольший вред и представляет собой реальную экологическую опасность. Общий износ автомобильного парка в Казахстане остается на высоком уровне.
– Расскажите о вашем производстве.
– На территории завода действуют шредерный, литейный и пиролизные цеха. Шредерный цех занимается измельчением прессованного автохлама, а затем его сортировкой. Для высококачественной сортировки была закуплена шредерная установка Bonfiglioli итальянского производства. Ее производственная мощность составляет 50 000 автомобилей в год. Литейный цех специализируется на плавке лома черных и цветных металлов, полученных в результате шредирования автохлама. В плавильном цехе установлены 4 индукционные плавильные печи. Ежемесячно на предприятии переплавляются 150 тонн только алюминия. Переплавляют вторичный алюминий в специальные чушки весом по 30 килограммов. Далее производится отбор образца для спектрометрического исследования химического состава сплава на соответствие стандарту предприятия. С гордостью могу сказать, что наша инновационная деятельность по стандартам качества была отмечена многими высокими наградами. Среди них – премия Президента РК «Алтын сапа», которую лично вручил Елбасы, победа на республиканском конкурсе социальной ответственности бизнеса «Парыз», в Москве «RecyclingCompany» было присвоено звание «Предприятие-лидер Евразийского союза государств», ТОО присудили I место в номинации «Эко-производства» национального конкурса «Лидер экологии и зеленой экономики» (2019 год) и другие.
– Какие еще цифры и факты из деятельности компании Вы бы отметили?
– Статистика свидетельствует, что почти за 4 года предприятием переработано более 191 тысячи вышедших из эксплуатации автотранспортных средств. Ежегодно узнаваемость компании на рынке повышается и количество обращений растет. Для удобства клиентов на сегодняшний день в стране организован 21 пункт приема старых авто. Также, помимо старых авто, на заводе недавно представители компании «ИШИМ МОТОРС» утилизировали новую Тойоту RAV4 – при транспортировке кроссовера в Караганду была повреждена крыша автомобиля, и в связи с этим для выплаты страховки поврежденный автомобиль утилизировали.
– После утилизации авто куда поступает переработанный материал?
– Продукция, полученная из отходов цветных, черных металлов и их сплавов доставляется на металлургические предприятия региона, что оказывает хороший эффект на смежные отрасли экономики. Тем самым завод дает «вторую жизнь» для металлолома автохлама, ранее считавшимся мусором. Черный лом закупает Казахстанский металлургический завод Arcelor Mittal, но также проявляют интерес к нашему лому и другие предприятия по переработке черного лома, и не только казахстанские. Также на заводе функционирует собственная аттестованная производственная лаборатория, которая позволяет проверять качество металла, определяя концентрацию различных элементов в его составе.
– У всех ценителей старых автомобилей вызовет настоящий восторг ваша ретроколлекция.
– Это так. У нас на территории завода действует музей ретроавтомобилей под открытым небом. Это машины редких экземпляров с интересной судьбой и историей. Автотранспорт мы привели в порядок, установили таблички с описанием и характеристикой для всеобщего обозрения. Каждая машина по-своему уникальна. Все экспонаты – настоящие автомобили, которые в свое время были на страже порядка в рядах полиции, армии, служили гражданам средством перевозки грузов и пассажиров.
– Насколько важна для завода социальная политика?
– Она для нас является краеугольной. Одной из самых важных сторон деятельности завода является активное участие в общественной жизни Карагандинского региона. Предприятие регулярно участвует в благотворительных акциях, социально значимых мероприятиях и проектах, поддерживает детские дома, спортивные школы и благотворительные фонды. Еще одна наша приоритетная задача – качественная подготовка молодых специалистов рабочих профессий, поэтому компания уделяет особое внимание сотрудничеству с образовательными учреждениями. Мы ведем работу по организации экскурсий для школьников, студентов, а также у нас проходят стажировку молодые специалисты, лучшие из которых в дальнейшем имеют перспективу трудоустройства на предприятии. Наша компания следует принципам прозрачности и открытости. Наше предприятие не оказывает негативного воздействия на окружающую среду. Более того, мы регулярно проводим мероприятия по озеленению территории, что является частью экологической стратегии нашей компании. Примеры можно долго продолжать.
– Как локдауны сказались на работе компании?
– Наше производство не останавливалось. Больше того, мы наращиваем мощности и проводим модернизацию. Так, например, в этом году уже частично обновился парк оборудования — закуплен мобильный пресс. Для расширения производства ведется строительство нового пиролизного цеха. Параллельно установлено оборудование и ведется его тестирование. В нем будет производиться самостоятельная утилизация, помимо неликвидной фракции, автошин и пластика. До конца года планируется закончить строительство и запустить цех в работу.
В инстаграме можете следить за нашими новостями и черпать нужную вам информацию по ссылке – www.recycling_kz
Алина Акбаева, PR-менеджер
ТОО «RecyclingCompany»
Орталық Азиядағы экологияға бағытталған бірегей жоба
Бүгінгі күні қоршаған ортаның ластануы және оның адам денсаулығына кері әсері әлемдегі ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл мәселені шешуге Қазақстандағы және Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз кәсіпорын «RecyclingCompany» ЖШС қомақты үлес қосып келеді.Бұл кәсіпорын қолданыстан шыққан көлік құралдарын утилизациялаумен айналысады. Оның айналымы мен өндірістік қуаттылығы тұрақты түрде өсуде. Біздің сұхбатымыз бас директор Александр Геннадьевич Рябининмен компанияның тиімді инновациялық қызметі туралы.
-Александр Геннадьевич, барлығы неден басталды?
-Біздің кәсіпорнымыз 2017 жылы іске қосылды. Қазақстандықтардың ескі көліктерін белсенді тапсыратындығына көпшілігі күмәнмен қарады.Бірақ 2018 жылдың 1 қарашасына қарай кәсіпорын 44 мың автокөлікті қайта өңдеуден өткізді.Менің ойымша кез-келген өндірістің табысты басталуы сапалы бизнес-жоспарлауға және өндірістің мақсаттылығына байланысты. Бүгінгі күні әбден ескірген автокөлік үлкен зиян әкеледі және шынайы экологиялық қауіп төндіреді. Қазақстандағы автомобиль паркінің ескіруі жоғары деңгейде қалып отыр.
—Өндіріс туралы айтыңызшы.
-Зауыттың аумағында ұсақтағыш, құю және пиролиз цехтары бар.Ұсақтағыш цех басылған автокөлік қалдықтарын ұсақтаумен және содан кейін оны сұрыптаумен айналысады. Жоғары сапалы сұрыптау үшін итальяндық Bonfiglioli ұсақтағыш қондырғысы сатып алынды. Оның өндірістік қуаттылығы жылына 50 000 автокөлікті құрайды. Құю цехы автокөлік қалдықтарын ұсақтау нәтижесінде алынған қара және түсті металдардың сынығын балқытумен айналысады.Балқыту цехында 4 индукциялық балқыту пештері орнатылған. Ай сайын кәсіпорында 150 тонна алюминий балқытылады.Екінші рет алюминийді арнаулы құймада 30 келі салмақта балқытады. Әрі қарай кәсіпорынның стандартына сәйкес құйманың химиялық құрамын спектрометриялық зерттеу үшін үлгі алынады. Сапа стандартына сәйкес біздің инновациялық ісіміз көптеген жоғары марапаттарға ие болғанын мақтанышпен айта аламын. Олардың арасында Елбасының өзі тапсырған ҚР «Алтын сапа» сыйлығы, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауында жеңіске жеттік. Мәскеуде «RecyclingCompany» ЖШС-не «Еуразиялық одақ мемлекеттерінің көшбасшы кәсіпорны» атағы берілді. ЖШС-ке «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» (2019 жыл) ұлттық байқауының «Экоөндіріс» аталымы бойынша 1 орын берілді.
-Компанияның жұмысындағы тағы қандай көрсеткіштер мен деректерді сіз атап өтер едіңіз?
-Статистика көрсеткендей 4 жылда кәсіпорын қолданыстан шыққан 191 мыңнан астам автокөлік құралдарын қайта өңдеуден өткізді. Жыл сайын нарықта компанияның танымалдығы артуда және хабарласулар саны өсуде. Клиенттерге қолайлы болу үшін қазіргі таңда елімізде 21 ескі көліктерді қабылдау бекеті ұйымдастырылды. Сонымен қатар ескі көліктерден басқа, зауытта жақында «ИШИМ МОТОРС» компаниясының өкілдері жаңа Тойота RAV4 көлігін утилизациядан өткізді. Кроссоверді Қарағандыға тасымалдау кезінде автокөліктің төбесі зақымдалып, осыған байланысты сақтандыру ақысын төлеу үшін зақымдалған автокөлікті утилизациялады.
-Автокөлікті утилизациядан өткізгеннен кейін өңделген материал қайда кетеді?
-Түсті, қара металдардың қалдықтарынан және оларды балқытудан алынған өнім өңірдің металлургиялық кәсіпорындарына жеткізіледі, бұл экономиканың іргелес салаларына қолайлы әсер етеді.Осылайша зауыт бұрын қоқыс болып есептелген автокөлік қалдықтарына « екінші өмір» береді. Қара металл сынықтарын Қазақстандық Arcelor Mittal металлургиялық зауыты сатып алады, сонымен қатар біздің өнімдерге қара металл сынықтарын қайта өңдейтін басқа да кәсіпорындар қызығушылық білдіреді. Олардың арасында басқа елдердің кәсіпорындары бар. Зауытта аттестатталған өндірістік зертхана жұмыс істейді. Ол металдың құрамында шоғырланған түрлі элементтерді анықтап, металдың сапасын тексеруге мүмкіндік береді.
— Сіздердің ретро коллекцияларыңыз ескі автокөліктерді бағалайтындардың үлкен таңданысын туғызады.
-Бұл солай. Біздің зауыттың аумағында ашық аспан астында ретро көліктердің музейі бар.Музейде қолданылу тарихы ерекше, сирек кездесетін көлік түрлері қойылған. Көліктерді біз қалпына келтіріп, адамдар көруі үшін олар туралы мәліметтер жазылған тақтайша ілдік.Әр машина өзінше ерекше.Барлық жәдігерлер бір кездері полиция, әскер қатарында жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға қызмет еткен көліктер.
-Зауыт үшін әлеуметтік саясат қаншалықты маңызды?
— Бұл біз үшін аса маңызды. Зауыттың жұмысының маңызды жақтарының бірі Қарағанды өңірінің қоғамдық өміріне белсенді араласу болып табылады. Кәсіпорын қайырымдылық акцияларына,әлеуметтік маңызды шаралар мен жобаларға тұрақты қатысып,балалар үйлеріне, спорт мектептеріне және қайырымдылық қорларына қолдау көрсетеді. Біздің тағы бір басымды міндетіміз-жұмысшы мамандықтарына жас мамандарды сапалы дайындау. Сондықтан компания білім беру мекемелерімен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. Біз мектеп оқушыларына, студенттерге экскурсиялар ұйымдастырып, жас мамандар бізден тәжірибеден өтеді. Болашақта олардың ең үздіктерінің кәсіпорында жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар. Біздің компания ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстанады. Біздің кәсіпорын қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді. Біз аумақты көгалдандыру шараларын тұрақты түрде өткіземіз. Бұл компанияның экологиялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Мысалдарды көп айтуға болады.
—Локдаундар сіздің компанияңыздың жұмысына қалай әсер етті?
-Біздің өндіріс тоқтап қалған жоқ. Керісінше қуаттылықты арттырып,модернизация жүргізіп жатырмыз. Мысалы биыл құрал-жабдықтар жартылай жаңартылып,мобильді пресс сатып алынды. Өндірісті кеңейту үшін жаңа пиролиз цехының құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса жабдық орнатылып, сынақтан өтуде. Жаңа жабдықта өтімсіз фракциядан басқа дөңгелектер мен пластикке өз бетімен утилизация жүргізіледі.Жылдың соңына дейін цехтың құрылысын аяқтап,іске қосу жоспарлануда.
Инстаграмда біздің жаңалықтарды қадағалап,қажетті ақпараттарды алуыңызға болады. Сілтеме-www.recycleauto.kz.
Алина Акбаева-«RecyclingCompany» ЖШС PR-менеджері