Архив
Бегiмше Жузенов,
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті
ОКО бойынша департамент директоры
Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментінің техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету облысындағы нормативті құжаттардың талаптарын орындауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар деп саналады, Департамент:
1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады;
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді;
4) өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік бақылауды жоспарлау және жүргізу барысында, жаңадан шыққан «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылады.
2011 жылға 307 тексеру жоспарланды, оның ішінде жоғары қауiп-қатер дәрежесімен – 278 кәсіпорын, орташа – 31 және кіші – 1, ағымдағы жылдың 9 ай аралығында 201 жоспарлы тексеру жүргізілді, оның ішінде 182 кемшілік және заң бұзушылық анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша сомасы 7542,48 мың теңге 164 әкімшілік айыппұл салынды, 18835,652 мың теңгеге 141 партия өнімін сатуға және қолдануға 513 дана өлшем құралдарына тиым салынды.
Кейбір мемлекеттік бақылаудың нәтижелерін бөлек атап кетуге болады, мысалы:
— құрылыс материалдарын сату барысында «Тасада» ЖШС-де Алматы қаласындағы «Alina Pro Алматы 1» ЖШС шығарған гипс сылағы ҚР СТ 1168-2006 және СТ ЖШС 39369767-001-2006 стандарттарының қысымдылық төзімділік көрсеткішіне сәйкес келмеді;
— медицинаға арналған өнімдер сататын «Тұран» ЖШС-гін тексеру барысында Түркияда жасалған «hayat» иньекциялық екі компонентті бір реттік қолданылатын шприцтер ГОСТ 24861-2005 шкала ұзындығы талабына және Мемлекеттік Реестрдегі иненің ұзындық талабына сай емес;
— кондитерлік және аспаздық өнімдер шығаратын «Фирма Дана» ЖШС-де тексерілген «Ход-Дог» аспаздық өнімі микробиологиялық сынаудан өтпеді, онда шектік таяқша тәрізді бацилла табылды;
— «Керуен» СҮ балаларға арналған ойыншықтар сататын ЖК «Серикбаев Т.А.» екі ойыншықта: Қытайда өндірілген пластмасстан жасалған ұшқыш (вертолет) және ұялы телефондарда, формальдегид құрамы шегінен шықты;
— Шымкент қаланың ортасында орналасқан «Мега центр» үлкен сату-көңілдік орталығында «Интер-Трейд» ЖШС Шымкент филиалына қарайтын «Городок» балалар гипермаркетіне балаларға арналған мектеп киімдері: «Guangzhou Kidskingdoms Children’s wear Co. Ltd» компаниясы Қытайда өндірген мектепке арналған қыздар блузкасы Ц30Р7, ылғал тартқыштық және ауа өткізгіштік көрсеткіші сәйкес келмейді, мектепке арналған қыздар жеңсіз көйлегі Ц82Р13, ауа өткізгіштік көрсеткіші сәйкес емес, демек «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттің 33 тармағына сәйкес келмейді.
Жоғарыда көрсетілген сәйкессіздіктер Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 28 бабы 2 тармағында көрсетілген талаптары бұзылғаны деп болып табылады, сол себепте, айтылған Заңының 40 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылау барысында зерттеу нәтижесімен анықталған сәйкессіз өнімдерді сатып алу және зерттеуге жаратқан сомасы 60769,36 теңге бюджеттік қаржысы республикалық бюджеттік шотқа қайтарылды.
Департаменттің негізгі функциясымен бірге түсіндіру жұмыстары үнемі жоғары дәрежеде жүргізіледі. Әрбір тексеру техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативті құжаттардың талаптарына түсініктеме беріліп хаттамалар ресімделеді. Бұған қоса 2011 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, теле-, радио-) 43 материал жарияланды, 23 семинар, кеңес, «дөңгелек стол» өткізілді. Осы түсініктеме жолында жүргізілген жұмыстардың ішінде Кеден одағы, Евро-Азиялық экономикалық қауымдастығы шеңберінде қабылданып жатқан құжаттар бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстары көп.
Кәзіргі кезде Қазақстан Республикасында 96 техникалық регламенттер қабылданған, 28 Евро-Азиялық экономикалық қауымдастық аралық техникалық регламенттерінің жобалары қарастыруда. Қарастыру барысында республикалық күші бар техникалық регламенттерінің талаптарымен сәйкессіздік те кездеседі, ондай жобаларға қосымша немесе өзгерістер енгізу ұсынылады. Атап айтатын болсақ бұл жұмыстарға облыстағы кәсіпорындардың мамандары белсене қатысуда.
Жоғарыда айтып кеткен жұмыстар, Департаменттің негізгі қызметі өнімнің сапасы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылады. Осы мақсатпен Департамент, «Нұр-Отан» Халық Демократиялық Партиясымен бірге ұлттық рынокты сапасыз және қауіпсіз емес өнімнен қорғау бойынша ірі сауда тораптары мен жеткізушілерге бағытталған түсіндіру, алдын алу, шұғыл шаралар бойынша пәрменді жұмыс жоспары рәсімделді.
«Қазақстан Республика үздік тауары» көрме-конкурсы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсын өткізу жұмыстарын жүзеге асыру барысында регионалдық іс-шара жоспары облыс әкімінің орынбасарымен 2011 жылдың 1 сәуірде бекітіліп Комитетке жолданды.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 5 тамызында облыстық «Қазақстан Республика үздік тауары» көрме-конкурсы өтті. Көрмеге 44 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынып, келесі кәсіпорындар осы көрме-конкурстың жеңімпаздары болып табылды:
«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»:
— 1 дәрежелі дипломдармен – «Hill Corporation» ЖШС,
— 2 дәрежелі дипломдармен – «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС,
— 3 дәрежелі дипломдармен – «Завод строительных материалов» ЖШС;
«Халық тұтынатын үздік тауарлар»:
— 1 дәрежелі дипломдармен – «ШТФ Туркестан» ЖШС,
— 2 дәрежелі дипломдармен – «Комбинат Фараб» ЖШС,
— 3 дәрежелі дипломдармен – «НПЦ «Рауан» ЖШС;
«Үздік азық-түлік тауарлары»:
— 1 дәрежелі дипломдармен – «Ордабас құс» ЖШС,
— 2 дәрежелі дипломдармен – «Макаронная фабрика «Корона» ЖШС,
— 3 дәрежелі дипломдармен – «ВИЗИТ» ЖШС.
Осы сұрақ бойынша облыстық кәсіпорындарың өкілдеріне ұдайы кеңестік көмек көрсетіледі, облыстық «Қазақстан Республика үздік тауары» көрме-конкурсы туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне түсініктеме беру мақсатында 5 теледидарларда («Қазақстан-Шымкент», «Қазақстан-1», «Айғақ» «Отырар» және «Сайрам ТВ») сұхбат берілді, 11 газеттерде («Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Панарама Шымкента», «Рейтинг», «Корпарация», «Айғақ» «Жоноби Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Қазақстан жол», «Қызмет» және «Дөңгелеген дүние») арнайы материалдар шықты.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгіне 20-шы мерекелік жылында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсына Оңтүстік Қазақстан облысынан 24 кәсіпорын қатысу үшін дайын.
Өткен 2010 жылдың конкурстар нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан «Алтын сапа» конкурсының жеңімпазы – «Oxy Textile» ЖШС және «Қазақстан үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздары — «ЮНИКС» ЖШС мен «Химфарм» АҚ болды.
Оңтүстік Қазақстан облыстың бұндай көрсеткіштерге жетуі — Департамент мамандарының белсене жүргізген жұмыстары.
Қазіргі кезеңде республика кәсіпорындары үшін сапа менеджменті жүйесін ендіру басты маңызға ие болып отыр. Әрине, әлемнің дамыған мемлекеттері үшін бұл жаңалық емес. Барлық атақты және белгілі кәсіпорындар сапа менеджменті жүйесін СМЖ ендіру арқасында табысты дамуы үстінде екендігін айтуға болады. Осыған байланысты кәсіпорындардың халықаралық даму және табысы халықаралық тәжірибесіне негізделген техникалық реттеу саласында саясат жүргізетін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Техникалық реттеу комитеті отандық тауар өндірушілер өнімдерінің сапасын көтеру мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үмітін ISO «Сапа менеджмент жүйесі», «Экологиялық менеджмент жүйесі», «Тамақ өнімі қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі», «Енбекті қорғау және кәсіби аурулардың алдын алу менеджмент жүйесі», «Әлеуметтік жауапкершілік» халықаралық стандарттарына сәйкес ендіру жолымен байланыстырады.
Біз өз тарапымыздан ИСО 9000 сериалы стандартын ендіру бойынша бағдарламалы жұмыстар жүргізіп келеміз.
Облыс тауар өндірушілер өнімдерінің сапасы мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үмітін отандық тауар өндірушілердің халықаралық стандарттарға өтуімен байланыстырады, кәсіпорын өкілдері және басшыларымен сұқбаттау, семинар кеңестер өткізу мен бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау арқасында сапа менеджменті жүйесін ендіруге насихат жұмыстарын жүргізудеміз.
Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындары үшін сапа менеджменті жүйесін ендіру жаңалық емес. 2011 жылдың 20 қыркүйекте жасалған мониторинг нәтижесі бойынша облыста 311 кәсіпорын және мекемелер сапа менеджмент жүйелерін сертификаттады. Сапа менеджментін ендіру барысында жұмыс жасап жатқан тағы да 36 кәсіпорын қызмет етуде.
Біз осы күнгі рынок аумағы бүгінге де ертеңге де жетеді деп сенуге болмайды деп есептейміз. Тіпті біздің өндірушілер әлемдік рынокқа шықпаса да, әлемдік рынок оған өзі келеді, себебі біз Кедендік одағының мүшесі болып табыламыз. Бәріне белгілі батыс және басқада елдердің тауарлары отандық тауарлардан жоғары дәрежеде, олар сапа және баға бойынша бәсекелесе алады. Неге? Себебі олар осы нәтижелерге сапа менеджменті жүйесін ендіру арқылы жеткен. Біздің өндірушілер жетістікке тек қана сапа менеджменті жүйесін ендіру нәтижесінде оның әрекетін қолдап және рынок талаптарына сәйкес ұдайы жақсартып отырғанда ғана жетеді. Егер де кәсіпорын басшысы сапа менеджменті жүйесі принциптерін білмейтін болса, онда кез келген кәсіпорын әрекеті бекер болады. Бұл жағдайлардың кездесуі сирек емес. Департамент өзінің сапа менеджменті жүйесін оқыту, насихаттау жұмыстарында осы мәселенің өзектілігін түсінбеушілікпен, кей кезде облыс кәсіпорындарының бірінші басшылары тарапынан ашық қабылдамаушылық пен де кездесті. Сапа менеджменті жүйесін ендірген басшылар сапа тек қана сапа бойынша мамандардың құзыреттілігі деп біледі. Алайда жоғары басшылықтың жетекшілік рөлі сапа менеджменті принциптерінде былай деп көрсетілген: «Басшының озаттығы – басшы мекеме қызметінің мақсаты мен бағыты бірлігін қамтамасыз етеді. Оларға барлық деңгейдегі қызметкерлерді сапа жүйесіне толық қамтуын олардың қаблетін пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін ішкі ортаны тудыру қажет».
Департамент, Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық бағдарламасын орындау барысында облыстағы арнайы инновациялық жобаларды қаржыландыру мен қабылдау комиссиясы мүшелері құрамына кірді. Біздің тарапымыздан Индустриалдық картаға кірген кәсіпорындардың өндіріс жағдайын анықтау, техникалық реттеу және метрология саласындағы техникалық регламенттер және де басқа нормативті құжаттармен, сапа менеджмент жүйесін ендіру әдістерімен таныстыру мақсатында әрбір кәсіпорындармен кездесу кестесі бекітілді. Бұл жұмысты, құрамына департамент мамандары, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау Институты» РМК филиалының өкілдерінен құрылған арнайы Жұмыс тобы жүзеге асырады.
Осы жағдайды пайдаланып, Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық бағдарламасын орындау барысында әрбір кәсіпорын, әрбір патриот осы саладағы жұмысқа атсалысып кіріседі деп үлкен үміттеміз.