Архив
Қапаев Сауықбек Әріпұлы,
Техникалық реттеу және метрология комитетінің
Астана қаласы бойынша департаменті басшысы
Баршамызға белгілі күні кеше көпшілік назарына ұсынылған Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы халықтың ел болып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуына жетелейді деп білемін. Қазіргі қоғамның күн санап дамып келе жатқанын білеміз. Сол себепті, қоғамдағы болып жатқан өзгеріс — жаңашылдықтардың жақсы жақтарын бойымызға сіңіруіміз керек. Бұл мақалада, Елбасы қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эвалюциялық дамуы және сананың ашықтығы. Бұл бағыттың қайысысын алсаң да тәуелсіз қазақ елінің бұдан былай өмір сүру жолының жарқын болатынын көрсететіндей. Олай дейтінім бұл мақалада, Қазақстанның әлем елдері арасында иық тірестіріп, терезесі тең мемлекет болып дамуы үшін әр адамның санасының жаңаруы қажеттілігі, қойнауы қазынаға толы жер анамызды тиімді пайдалануымыз және де сол жердің иесі мына халқымыздың келешекте қандай да бір белестерді бағындыруы үшін сапалы білім алуы, саналарының ашық болуы маңызды екені түсінікті. Жалпы мен, бұл мақаланы жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.
Біз, Елбасымыздың айқындап берген бағытын түбегейлі қолдаймыз. Ең алдымен біздің техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізіп, Елбасының жолдауы, рухани жаңғыруымыз, бәсекеге қабілетті бола білу үшін жасалуы тиіс іс-шараларды пысықтадық. Ал күні кеше ғана Департаментпен ұйымдастырылған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» жиынға арнайы шақылырған «Нұр отан» партиясының «Бірлік» Астана қалалық филиалының өкілі, еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын айтып, жаңғыруымыздың мақсаты — дамыған 30 елдің қаратына кіру екендігін жеткізді. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатын болады. Сол себепті әрбір қазақстандық XXI ғасырға лайық болуы тиіс.
Президент өзінің жолдауында қазақстандық өнімнің 3 қасиеті болу керек деген. Олар: әдемі, жоғары сапалы және арзан болуы. Кез келген өнім арнайы бір стандарт талаптарына сәйкес шығарылытыны түсінікті. Ал талап жоғары болған сайын, сапа да артпақ. Осы бағытта біздің департамент өкілдері отандық өндірушілерге техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласында профилактикалық жұмыстарды жиі өткізеді. Бұған мысал ретінде, департамент өкілдері «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан отандақ кәсіпорындарға барып, олардың өндірісімен танысып, өз құзіреттілігіміз шегінде қандай да бір нормативтік құжаттар әзірлеу, Еуразиялық экономикалық одақ нарығында жарамды, дайын өнімнің сәйкестігін растау құжатын алу мәселелері бойынша жол көрсетіп, қандай да бір күрделі мәселелері болған жағдайда оладың шешу жолдарына көмек көрсетеді. Бүкіләлемдік стандарттар күні қарсаңында, мемлекетік метрологиялық бақылауға арналған «МРК 6200» жұмыс комплектісімен елорданың ірі сауда орындарына барып, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы заң талаптарын, ең алдымен қарапайым халыққа, одан кейін сатушыларға түсіндірілді. Мұндағы мақсатымыз халықты, яғни тұтынушыларды теріс өлшем нәтижелерінен қорғау. Оларға өз құқықтарын түсіндіру болды.
Өз ойымды қорытындылай келе, біз ұлтымыздың бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналсақ — міне біздің рухани жаңғырғанымыздың дәлелі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне ел болып ат салысайық.