Архив
Тақырыптың өзектілігі өнімдер бәсекелестігінде баға және сапа маңызды рөл атқаратындығында. Тұтынушыларды жоғары сапа арқылы жаулап алу мүмкіндігі тұрғанда нарықтағы баға бәсекелестігі кедергі бола алмасы анық. Сондықтан өнімнің сапасын қамтамасыз ету мәселесі кез-келген өндіріс пен өндірушінің назарынан тыс қалмақ емес.
Қазіргі таңда өнім сапасын қамтамасыз ету кез-келген өндірістің міндетті шарты. Өнімдердің сапасын бақылау, сапа жүйесін қалыптастыруға ықпал етпек. Көп жағдайда сапа сөзіне келгенде өнімдерді бақылай, сынау дегенмен шектеліп жатамыз. Алайда сол өнімнің сапасына оның барлық әзірлену технологиясы тікелей байланысты.
Сапасын бақылау – өлшеу, сынау, бір және бірнеше сипаттамаларын бағалау операцияларының жиынтығы және алынған нәтижелерді орнатылған талаптармен салыстыру.
Сапаны қамтамасыз ету – сапа жүйесі аясындағы жоспарланған және жүйелендірілген, сонымен қоса сапа талаптарының барлығына сай келетіні расталатын қызмет түрлері.
Өнім қауіпсіздігі – өнімнің қызметі немесе жарамдылық мерзімі арасында адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмейтіндей өнім құрамы.
Өнімдерді жеткізу кезінде сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1.60-2006 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартымен орнатылады. Стандартқа сәйкес, өнім (қызмет) сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізу, өнім және қызмет кезеңдерінде қалыптастырылады және нормативтік және (немесе) техникалық (конструкторлық, технологиялық) құжаттамада техникалық сипаттамалар түріне белгіленеді.
Жеткізу кезінде өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқару:
— шарт жасау алдында;
— шарт жасау кезінде;
— жасалған шарт бойынша жеткізілімдер басына;
— өнімді жеткізудің басынан аяқталу сәтіне дейін өнімді тасымалдау кезінде жүзеге асырылады.
Өнім сапасы мен қауіпсіздік деңгейін, сонымен қатар жеткізушіні таңдау тұтынушы үшін қолжетімді басқа шетелдік мемлекеттердің өнім каталогтарына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген өнім каталогын, рынокты талдаумен қамтамасыз етіледі.
Тұтынушы талаптарына ұсынылған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің сәйкестігіне дәлелдеме алу өнім сапасын куәландыратын құжаттарды өнім жеткізушісі мен ұсынылған зерттеулерге негізделеді: өнім сапасы және (немесе) қауіпсіздігі сертификаттары мен төлқұжаттары, сәйкестік сертификаттары, өнімді қабылдау актілері, пайдалану және (немесе ) жөндеу құжаттамалары.
Күмән болған жағдайда, сондай-ақ, егер жеткізуші дайындаушы болып табылмаса, ал сауда фирмасы техникалық реттеу аясындағы нормтивтік құқықтық актілерде, стандарттарда, басқа нормативтік және техникалық құжаттарда және (немесе) шетелдік өнімдерді жеткізу келісім шарттарында белгіленген сәйкестендіру көрсеткіштеріне сәйкестігіне тексеріледі.
Тамақтану ұлт денсаулыған анықтаушы маңызды фактор болып табылады. Дұрыс тамақтау балалардың қалыпты өсіп жетілуіне , аурудың алдын алуға, жұмысқа деген қабілеттілікті арттыруға, жағдай туғызады. Сондықтан біз, сапалы да қауіпсіз өнімді қалай таңдайтынымызды және оны қандай құжат растайтынын білуіміз қажет.