Архив
Анарбек Орман, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры, 1-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған Анарбек Орман, генеральный директор ТОО «Водные ресурсы-Маркетинг», награжден орденом «Барыс» 1-й степени
Шымкенттік «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 25 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Парыз» сыйлығын иеленді. «Экологияға қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясы бойынша Алтын марапат кәсіпорын басшысы Анарбек Оңғарұлы Орманға Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиында табысталды!
«Шымкентте қалалық кәріз желісі – шайынды суды тазарту қондырғылары кешенін жаңғырту жұмыстары 2017 жылы аяқталды. Кәсіпорын алдында экологияны жақсартуға қатысты нақты қадамдар жасау міндеті тұрды. Қаладан шығатын шайынды суды тазарту процесін цифрландыру және оны шығыны аз өндіріске айналдыруды көздедік. Ол үшін польшалық әріптестермен бірлескен жұмыс жүргізілді, өндіріс желілерін жаңарттық. Бүгінде біздің шетелдік әріптестеріміз осы жұмыстарды қашықтықтан бақылай алады. Олар онлайн режимде пайдалы ұсыныстарын, кеңестерін беріп отырады. Бүкіл тазалау циклі цифрландырылған және оны операторлар бақылайды. Кешенді жаңғыртуда қол жеткізген тағы бір жетістігімі — биогаз қондырғысын салдық, пайдаланып жатырмыз»,-дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры Анарбек Орман.
Биогаз қондырғысы белсенді тұнбаны өңдеуге және одан метан алуға мүмкіндік береді. Одан, өндіріске аса қажетті жылу және электр энергиясы өндіріледі, ал энергия көздері тазарту кешеніне ауадай қажет. Нәтижесінде, электр энергиясының өзіндік құнының 50-60% — ы, жылу шығындарының 100% — ы жабылады. Болашақта жасыл энергия көрсеткішін де 90-95% — ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Түптеп келгенде, бұл бағыттағы қол жеткізген жетістік — экологиялық ортаға келтірілетін «жүктеме» айтарлықтай азайды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС іске асырған биогаз қондырғысы — Орталық Азия елдеріндегі бірегей қондырғы. Айтуға оңай болғанымен, бұл өте күрделі процес. Жауапты қызметкерлерден жоғары біліктілік талап етіледі. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де білікті мамандар баршылық. Сондықтан Қазақстан өңірлерінің арасындағы жүйелі жұмысы бар ең үздік кешеннің жұмысы бойынша тәжірибе алмасуға арнайы келушілер көп. Шымкентке еліміздің өзге өңірлерімен қатар, ТМД елдерінен де мамандар жиі келеді.
«Біз шайынды суды тазартудың толық циклін іске асырдық деп мақтанышпен айта аламыз. Сарқынды тұнбаны өңдеп, шыққан қалдықтарды тыңайтқыш ретінде қайта пайдалануға мүмкіндік бар. Тазартылған су Бөржар қоймасына жіберіледі, ал көктемде ауыл шаруашылығына — техникалық дақылдарды суаруға пайдаланады. Дәлірек айтқанда, табиғаттан тартқан суды жүз пайыз өзіне қайтарып отырмыз! Сондықтан, бізге берілген марапат — біздің ұжымның еңбегіне берілген лайықты баға деп есептеймін!»,- деп нақтылады Анарбек Орман.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 1998 жылы құрылды. Елде экономикалық тұрғыдан да, өндірістің дамуы жағынан да қиын кезең болатын. Соған қарамастан, кәсіпорын басшылығы өте күрделі міндетті қолына алды. Ол – халықты тіршілік көзімен үздіксіз қамтып, кәріз жүйесі бойынша көрсетілетін қызмет сапасын арттыру еді. Мұның барлығын өндіріс шығындарын азайта отырып іске асыру – нағыз тәуекелшілдік еді.
«Ескі, тозығы жеткен құбырлар, жиі болатын түрлі апаттар, жаңа жабдықтардың болмауы және судың үлкен көлемдегі шығыны(сол кезде шамамен 42% құрады) – сол уақытта бұл көрініс үйреншікті жағдайға айналды. 1998 жылы біздің мекемемізде екі ғана ескі экскаватор мен аварияны қалпына келтіруге шығатын 15 көлік болды. Қала тұрғындарына тәулігіне су 18 сағат қана берілетін. Авария өте жиі болатын, құбырлардан су кету, жүйеде қысымның төмендеуі жиі қайталанатын. Көпқабатты үйлерде 3 -ші қабаттан жоғарыға су көтерілмейтін. Қаладағы су қабылдағыштардың барлығы іске қосылғанымен, ауыз су тапшылығы сезілді. Сарапшылар талдау жүргізіп, 1 адамға орта есеппен тәулігіне 456 литр су жұмсалатынын анықтады. Тұрғындар суды үнемдеуге мүлдем дағдыланбаған кез еді. Біздің ең бірінші стратегиялық қадамымыз — суды есептеу құралдарын орнаттық. Бастапқыда көбі бұған қарсы болды, оның өздері үшін тиімді болатынын түсінген жоқ. Қаншама қиындықтар болды, дегенмен бірнеше жыл ішінде Шымкент қаласы — тұрғындарына бірінші болып жеке су өлшегіштерін орнатқан қала болды. Уақыт өте келе тұтынушылар құнды ресурсты мақсатты пайдаланудың пайдасын түсінді. Нәтижесі: 1 адамға шаққанда тәулігіне тұтынылатын су 456 литрден 125 литрге дейін кеміді. Халық ауыз суды бағалауды, үнемдеуді үйренді. Бүгінгі таңда қаланы ауыз сумен қамтуда негізгі екі су қабылдағыш жұмыс істейді, қалған үшеуі резервте тұр. Ал, қала халқының саны 450 мыңнан екі есеге көбейді. Қазір Шымкентте миллионнан астам тұрғын бар!
Сонымен қатар, ескі шойын құбырларды пластик құбырларға ауыстырдық. Бұл жұмыстар — су желілеріндегі апатты азайтты. Судың есепсіз ағуы да азайды. Шығынымыз 42% — дан 17% — ға дейін төмендеді! Есептеп көрейік, ТМД елдерінде су шығыны бойынша орташа көрсеткіш 30% — дан асады», — Анарбек Орман осындай талдауды мысалға келтірді.
«Су құбырын, кәріз желілерін жаңарту, жаңа жабдықтар мен техника сатып алу, өндіріс қуатын арттыру үшін, әрине, қомақты қаржы керек. Бұл ретте инвестиция тартуды мақсат еттік. 2009 жылы біз Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен несие шартын түзуге бел байладық. Көп ұзамай бірінші траншты алдық. Біз ЕҚДБ-мен 14 жылдан бері серіктесе жұмыс істеп келеміз. Бүгінде сенімді серіктестікке қол жеткіздік деп айта аламын. 2022 жылы кәсіпорын еуропалық банкпен алтыншы несие-шартын түзіп, бұл қаржыны кәріз және тазарту қондырғыларының кешенін кеңейтуге және өндірістегі бірқатар маңызды тұстарға жұмсамақпыз. Жалпы, біз 18,7 миллиард теңге көлемінде несие. Оның 15,4 миллиард теңгесі игерілді. Кредиттік шарттың барлық талаптарын кәсіпорын да, банк те уақтылы және сапалы орындап отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын ЕҚДБ-не 13,2 миллиард теңгені қайтарды», — деп нақтылады Анарбек Оңғарұлы.
Кәсіпорынға тартылған инвестициялық қаржы өндірісті айтарлықтай жаңғыртуға мүмкіндік берді. Су жинау қондырғыларына жаңа сорғы орнатылды. Ескі сорғыларды жиі-жиі жөндеуге бүкіл цех жұмылатын. Еуропалық үлгілерді енгізу — осы күрделіліктен құтқарды. Ең бастысы, 1 текше метр суды өндіруге жұмсалатын энергия шығыны 0,87 КВт-тан 0,06 КВт-қа дейін төмендеді!
Су жинақтау станциясы да жаңғыртылды. Жаңа технологияны ендіру нәтижесінде сұйық хлор пайдаланылмайтын болды. Бүгінде ауыз суды дезинфекциялау-зарарсыздандыру үшін таблеткалы тұз қолданылады, ол адам ағзасына қауіпсіз. Жалпы, ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның аттестатталған сынақ зертханасы арнайы бақылау орындарынан күн сайын сынама алып, тексеріп отырады.
Сумен қамту жүйесін оңтайландыру үшін қысым реттегіштері мен бақылағыштар, электр клапандары және жүйедегі су қысымын қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар орнатылды. Бұл да құбырларда апатты барынша азайтуға мүмкіндік берді, демек жөндеу жұмыстарына кететін шығындар азайды. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының негізінде әр жылы ескі желілерді қайта құру және ауыстыру жұмыстары жалғаса береді. Бұл – тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін маңызды.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-інде техника паркі де жаңартылды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның пайдалану учаскелерінде 20 экскаватор және жөндеу бригадалары мен арнайы жұмыстарға қажетті 100-ден астам көліктер бар.
Шымкент халқының саны өсіп, аумағы кеңейіп келеді. Ол дегеніміз — сарқынды суды тазарту құрылысының кешені де кеңейтілуі керек деген сөз. Осы стратегиялық міндетті шешу үшін 2023 жылдың басында тәулігіне қосымша 50 мың текше метр шайынды су өңдеу қондырғысының құрылысы басталды. Ол аяқталғаннан кейін кешен тәулігіне 200 мың текше метр ағынды су өңдей алады. Кешенді кеңейтуге қажетті қаржы Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің несиесі және ҚР Үкіметінің субсидиясы есебінен алынды.
Кәсіпорын басшылығының алдында тұрған тағы бір маңызды міндет — сумен қамту және ағынды суды бұру желілерін жаңарту. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарының есебі бойынша Қазақстан Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, «…тозығы жеткен жүйені Шымкентте 15% — ға дейін төмендетуді іске асыру үшін 331 шақырым су құбыры мен 75,6 шақырым кәріз желілерін қайта жаңартып, ауыстыру қажет. Бұл жұмыстар да айтарлықтай шығынды талап етеді және ауқымды жұмысты Үкіметтің қолдауынсыз іске асыру мүмкін емес.
«Соңғы жылдары біздің кәсіпорын цифрландыру тұрғысынан айтарлықтай қадамдар жасады. Келесі кезеңде NB-Iот деректерін қашықтан бақылау жүйесінің көмегімен жеке есептеу құралдарының көрсеткіштерін жинауды автоматтандыру қолға алынбақ. Бұл — адами фактордың түзетуінсіз, жылдам және дәл есептеулер жүргізуге көмектеседі», — дейді «Су ресурстары-Маркетинг » ЖШС Бас директоры Анарбек Орман.
Кәсіпорында тұтынушылармен кері байланыс түзуге баса көңіл бөлінеді. Орталық диспетчерлік қызметтің әдеттегі телефон байланысынан бөлек, кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі ашық аккаунттары, электронды пошта және мессенджерлері де белсенді жұмыс істейді. Абоненттер кәсіпорын қызметіне байланысты барлық сұрақтарына жедел жауап ала алады.
Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі Telegram мессенджерінде «виртуалды көмекші» орнатылды. Чат-Ботта абонент электронды түбіртегін ала алады, балансын біліп, онлайн төлем жасай алады және басқа да пайдалы ақпаратты біоліп отырады. Шымкенттегі тұтынушылардың шамамен 80%-ы «виртуалды ассистенттің» көмегіне жүгінеді.
Әлеуметтік бағыттағы жұмыс та назардан тыс қалған емес. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС кәсіподақ ұйымы қаладағы ең үздіктердің қатарында. Қажетті көмек тек жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана емес, кәсіпорын ардагерлеріне де көрсетіледі. Еңбек ардагерлерін қолдау бойынша арнайы бағдарламалар әзірленген.
Жас мамандардан мықты техникалық резерв құру бойынша жұмыс қолға алынған. Кәсіби ілгерілеуге, қызметте өсуге ынталандыру үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы тоқсан сайын техникалық сынақ ретінде конкурстар өткізеді. Жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықтар алады, резервке алынады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС — Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуде үздік кәсіпорындардың бірегейі. 2023 жылы кәсіпорын өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ширекғасырлы бұл дата — мықты басшылық пен білікті мамандардың тұрақты және перспективалы жұмысының жемісі! Алда асулар көп. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшылығы елге қызмет етудегі жоғары талап пен үлкен жауапкершілік ұстанымынан айнымайды.
В канун своего 25-летнего юбилея ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг», стало обладателем престижной Президентской премии Республики Казахстан «Парыз». Высшая, золотая награда была вручена руководителю предприятия Анарбеку Онгаровичу Орману в номинации «За особый вклад в экологию» в присутствии Касыма-Жомарта Токаева!
– В 2017 году в Шымкенте завершилась модернизация городского комплекса канализационно-очистных сооружений. Перед нами стояло несколько важных задач: снизить нагрузку на экологическую среду, оцифровать процесс очистки сточных ввод и сделать его менее затратным. Для этого была проведена совместная с польскими коллегами работа, производственные линии были обновлены и сейчас наши зарубежные коллеги могут осуществлять дистанционный шеф-контроль – давать полезные рекомендации и советы в режиме онлайн. Весь цикл очистки оцифрован и отслеживается операторами. Еще одним важным результатом модернизации комплекса стало строительство и ввод в эксплуатацию установки биогаза, – с гордостью говорит генеральный директор ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» Анарбек Орман.
Установка биогаза позволяет перерабатывать активный осадок и получать из него метан. А уже с его помощью вырабатывается тепловая и электрическая энергии, которая идет на нужды комплекса очистных сооружений (КОС), который потребляет довольно много энергии. Таким образом покрывается от 50% до 60% собственных затрат в электричестве и 100% тепловых затрат. В будущем показатель по зеленой электроэнергии планируют нарастить до 90%-95%. Но главное достижение – это значительное снижение нагрузки на экологическую среду. Отметим, что это единственная действующая установка биогаза в Центральной Азии. Ведь сам процесс довольно сложный, требующий очень высокой квалификации от персонала. В ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» такие специалисты есть, поэтому КОС считается лучшим в Казахстане, и для обмена опытом в Шымкент едут специалисты не только из регионов нашей страны, но и из других республик СНГ.
– Мы с гордостью можем сказать о полном цикле очистки сточной воды. Отходы от переработки активного осадка используются населением как удобрения. Очищенная вода отправляется в Буржарский накопитель, а весной эту воду бесплатно разбирают фермеры для полива технических культур. То есть мы стопроцентно возвращаем воду обратно в природу! Полученная награда – заслуженная оценка труда всего нашего коллектива! – подчеркнул Анарбек Орман.
ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» было образовано в 1998 году. Времена были трудные как в экономическом, так и в производственном плане. Перед руководством предприятия стояли довольно сложные на тот момент задачи: повысить качество предоставляемых услуг по водоснабжению и водоотведению, сократить производственные потери и сделать работу предприятия рентабельной.
– Старые и изношенные трубы, высокая аварийность, отсутствие нового оборудования и большие потери воды (на тот момент они составляли порядка 42% от добычи) – такая картина наблюдалась в те годы. В 1998 году в нашем автопарке было два старых экскаватора и 15 машин для аварийно-восстановительных служб. В среднем, вода поставлялась в дома горожан всего лишь 18 часов в сутки. Из-за частых аварий и утечек давления в системе не хватало – воду не могли подать выше третьего этажа. При этом работали все имеющиеся водозаборы, но воды все равно не хватало. Наши аналитики подсчитали, что на одного горожанина в среднем уходило 456 литров в сутки. Люди не привыкли экономить, драгоценный ресурс зачастую использовался не по назначению, – вспоминает Анарбек Орман.
Одним из первых стратегических шагов руководства предприятия стало внедрение индивидуальных приборов учета воды. Поначалу дело шло со скрипом, многие не понимали важности такого решения. Тем не менее, в течение нескольких лет Шымкент стал первым в Казахстане городом, в котором 100% потребителей услуг водоснабжения были обеспечены индивидуальными водомерами. Это позволило снизить нецелевое использование ценного ресурса, и суточное потребление на одного человека упало с 456 литров до 125. Население научилось ценить и экономить питьевую воду. Сегодня работают только два основных водозабора, снабжающих город питьевой водой, остальные три находятся в резерве. И это при том, что население города увеличилось с 450 тысяч до более миллиона человек.
Параллельно шла замена старых стальных труб на пластиковые, более долговечные. Таким образом, снижалась аварийность на водопроводных сетях и велась борьба с потерями воды. В итоге, потери с 42%, снизились до 17%. Отметим, что средний показатель по потерям воды в странах СНГ превышает 30%.
– Для обновления водопроводных и канализационных сетей, приобретения нового оборудования и техники, модернизации производственных мощностей требовались значительные инвестиции. В 2009 году нам удалось заключить кредитный договор с Европейским банком реконструкции и развития, и мы получили первый транш. С ЕБРР мы сотрудничаем уже 14 лет, нас связывают надежные партнерские отношения. В 2022 году мы заключили уже шестой по счету кредитный договор, эти средства пойдут на расширение комплекса канализационно-очистных сооружений и другие важные работы. В общей сложности мы получили кредитные средства на сумму 18,7 миллиардов тенге, уже освоено 15,4 миллиардов. Все условия кредитного договора выполняются предприятием и банком своевременно и качественно. На сегодняшний день ЕБРР возвращено 13,2 миллиардов тенге, – пояснил Анарбек Онгарович.
Полученные инвестиционные средства позволили произвести значительную модернизацию производства. На водозаборных сооружениях было установлено новое насосное оборудование. В прошлом для постоянного ремонта насосов требовалась работа целого цеха, внедрение европейских образцов избавило предприятие от этой нагрузки. Но самое главное – энергетические затраты на добычу 1 кубического метра воды упали с 0,87 КВт до 0,06 КВт.
Была проведена модернизация на станции водоподготовки. Новая технология позволила избавиться от опасного в эксплуатации жидкого хлора. Для обеззараживания питьевой воды стала применяться таблетированная соль, которая в процессе электролитической диссоциации образует тот же свободный хлор, но безопасный. Кстати, вопросу качества и безопасности питьевой воды уделяется очень большое внимание. Аттестованная испытательная лаборатория предприятия ежедневно осуществляет забор проб для проверки со специальных контрольных точек.
Для оптимизации режима работы на сетях водоснабжения стали устанавливаться регуляторы и датчики давления, электрические задвижки и другое оборудование, которое позволяет дистанционно управлять давлением воды в системе. Что в очередной раз позволило снизить аварийность на трубопроводах, а значит и затраты на ремонтные работы. Благодаря инвестиционным программам предприятия ежегодно проводятся работы по реконструкции и замене старых сетей, что благоприятно отражается на качестве предоставляемых услуг.
Был значительно обновлен и парк спецтехники ТОО «Водные ресурсы –Маркетинг». Сегодня эксплуатационные участки предприятия имеют 20 экскаваторов и более 100 специальных автомобилей для ремонтных бригад и других специальных работ.
Шымкент стремительно растет, увеличивается количество населения, и комплекс очистных сооружений нуждался в очередном расширении. Для решения этой стратегической задачи в начале 2023 года началось строительство дополнительных мощностей КОС на 50 тысяч кубических метров в сутки. После завершения строительства комплекс будет способен перерабатывать 200 тысяч кубических метров сточных вод в сутки. Средства на расширение комплекса были взяты из кредита Европейского банка реконструкции и развития, а также были использованы субсидии правительства РК.
Еще одна важная стратегическая задача, стоящая перед руководством предприятия, – снижение изношенности сетей водоснабжения и водоотведения. По подсчетам ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг», для реализации указанного в Послании Президента Казахстана снижения износа на 15% в Шымкенте потребуется реконструкция и замена 331 километров водопроводных и 75,6 километров канализационных сетей. Что потребует значительных затрат, и без помощи государства здесь никак не обойтись.
– За последние годы наше предприятие серьезно продвинулось в плане цифровизации. Очередной этап – автоматизация сбора показаний индивидуальных приборов учета с помощью системы дистанционной передачи данных NB-Iot. Это поможет производить быстрые и точные расчеты без поправки на человеческий фактор, – отметил генеральный директор ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» Анарбек Орман.
Огромное внимание уделяется обратной связи с потребителями. Помимо традиционных телефонных каналов Центральной диспетчерской службы активно работают аккаунты предприятия в социальных сетях, электронная почта и мессенджеры. Абоненты могут оперативно получать ответы на все вопросы, связанные с деятельностью предприятия. Одним из важных шагов в этом направлении стало создание «виртуального ассистента» в мессенджере Telegram. В чат-боте абонент может получить электронную квитанцию, узнать свой баланс, произвести онлайн-оплату и получить другую полезную информацию. Около 80% потребителей услуг водоснабжения и водоотведения Шымкента уже оценили удобство «виртуального ассистента».
Не остается в стороне и социальная работа. Профсоюзная организация ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» считается одной из лучших в городе. Необходимая помощь оказывается не только действующим работникам, на предприятии не забывают о своих ветеранах, разработаны специальные программы для их поддержки.
Ведется работа по созданию сильного технического резерва из молодых работников. Для стимуляции карьерного и профессионального роста, администрация ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» ежеквартально проводит специальные технические конкурсы. Победители получают значительные премии и место в резерве для руководящих работников.
ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» считается одним из лучших предприятий в сфере водоснабжения и водоотведения не только в Казахстане, но и в СНГ. В 2023 году предприятие отмечает свой 25-летний юбилей. Эта дата говорит сама за себя – сильное руководство и грамотный персонал делают предприятие стабильным и перспективным! Впереди много работы, и снижать высокую планку руководство ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» не планирует.