Алтын Сапа
Нұргүл Бимағамбетова, «Банк ЦентрКредит» АҚ карталық бизнес Орталығының Атқарушы директоры
Нургуль Бимагамбетова, Исполнительный директор Центра карточного бизнеса АО «Банк ЦентрКредит»
2022 жылы «Бизнес Кемелділік» сыйлығы «Банк ЦентрКредит» АҚ-на берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау өткізіп келе жатқан он алты жыл ішінде қазақстандық жеке банктің жеңімпаз деп танылуы бірінші рет болып отыр. Қазақстан Республикасындағы Балалар жылының қорытындысы бойынша сыйлық «Банк ЦентрКредит» АҚ JuniorBank дирекциясына Қазақстандағы алғашқы және үздік жобалардың бірі «Балаларға қаржылық білім беру» жобасы үшін берілді.
Дербестікке алғашқы қадамдар
JuniorBank инновациялық өнімдері мен жобалары өз алдына бірегей банктік әзірлемелер. Оларды ЦентрКредит Банк жақында, 2020 жылдың жазында іске қосты, дегенмен бұл жобалар балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайтын жауапты ата-аналар арасында танымал болды. Ал қаржылық шешім қабылдауға ерте жастан алған білім, әрине, табысты тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады.
ЦентрКредит Банк балалар карталарын банктік операциялардың дизайны мен ыңғайлылығы тұрғысынан балалардың тілектерін ескере отырып жасады. Бірақ олардың басты артықшылығы — толығымен қауіпсіз.
— Бұл картада, — деп түсіндіреді JuniorBank әзірлеушілері, — ересектердің қажеттіліктеріне байланысты транзакцияларға (темекі, алкоголь, автокөлік қызметтерін тәуелсіз пайдалану және т.б.) автоматты түрде тыйым салынады. Сонымен қатар, ата-аналар балаға шектеулі соманы азайту немесе көбейту бағытында жеке реттеу жүргізе алады. Инновациялық өнім балалардың шығындарына сенімділікке кепілдік береді — әрбір төлемнен кейін ата-аналарға смс хабарламалар, ал балаға push-хабарлама келеді.
Visa 2021 нұсқасы бойынша JuniorBank үздік балалар картасы болып танылды.
Заманауи әлемде банктік қызметтерді пайдалану мобильді қосымшаларсыз мүмкін емес, банк бұл мәселеде де балалар мен ата-аналарға қамқорлық жасады. ЦентрКредит Банк ересек адамға бес балаға дейін JuniorВank картасын виртуалды түрде ашуға мүмкіндік береді, карталарды Apple Pay немесе Samsung Pay жүйесінде тіркеуге болады, ал жас карта ұстаушылар смартфондар немесе смарт сағаттар арқылы төлем жасай алады. JuniorBank пайдаланушыларына арналған мобильді қосымшада стандартты банктік құралдардан басқа, ойындар мен эмодзилер сияқты жасқа байланысты қосымшалар, сондай-ақ ата-аналардан қаражат сұрау функциясы бар.
— Біздің JuniorBank бірегей өнімі әрбір отбасындағы кішкентай бүлдіршіндердің күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар елдегі қаржылық сауаттылықты дамытудың жол сілтеушісі болып табылады, — дейді карталық бизнес Орталығының Атқарушы директоры Нұргүл Бимағамбетова.
Теориядан тәжірибеге
Жеке картасын және мобильді банкинг қосымшасын пайдалану балаларға өз қаржысын өздері басқаруға мүмкіндік береді. «Бизнес кемелділік» сыйлығын алған ЦентрКредит Банктің JuniorBank білім беру жобасы оны сауатты жасауға үйретеді.
Балаларды қаржылық сауаттылық курсында тегін оқыту JuniorBank жобасы аясында 2020 жылдың соңынан бастап ЦентрКредит Банк филиалдары мен бөлімшелері бар Қазақстан Республикасының барлық қалаларында тұрақты негізде жүзеге асырылады. Оқу үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жүргізіледі және 6 мен 18 жас аралығындағы балаларға арналған.
Жеке қаржыны басқару үшін өздігінен шешім қабылдай білу керек. Сондықтан курс оқушылардың әр сабақта топтық жұмысқа қатысуын және бастамашыл болуын ұсынады. Қаржылық сауаттылықты әрбір баланы қызықтыратындай етіп, оны белсенді қарым-қатынасқа тарта отырып үйретіп, JuniorBank осы күрделі білім саласының негіздерін ойын түрінде береді және заман ағымына сай тиімді лайфхактарды ұсынады, қаржылық сәтсіздіктердің себептерін түсіндіреді және құмар ойындардың проблемалары туралы әңгімелеп, алаяқтар мен кибер-алаяқтардан аулақ болуға үйретеді.
Толық курс әр түрлі тақырыптарды қамтитын 12 топтық қаржы сабағын қамтиды. Мектеп оқушылары ақша мен банктердің тарихы туралы мағлұмат алып, миллионерлердің табыс тарихы мен карталық оқиғалар туралы ғибратты әңгімелер тыңдап, банк құралдарымен танысып, несиелер бойынша пайыздарды қалай есептеу керектігін және депозиттерге ақша жинау мен қаражатты инвестициялаудың қаншалықты тиімді екенін үйренеді.
— Қаржылық сауаттылық бойынша материалдарды меңгерген бала күнделікті өмірде өз білімін арттырып, қаржыға қатысты сауатты шешімдер қабылдайтынына сенімдіміз, — деп түйіндейді Нұргүл Бимағамбетова.
Қаржылық өнімдер мен қызметтерді белсенді түрде тұтынатын, көбінесе тәуекелділік жоғары және болашақ туралы көп ойламайтын қазіргі заманауи жағдайларда бұл жастар үшін өте маңызды.
Бүгінде JuniorBank «Балаларға қаржылық білім беру» жобасының алғашқы нәтижелерін қорытындылай алады. Қазірдің өзінде 100 000-нан астам бала банкке экскурсия жасап, 12 сабақтан тұратын толық оқу курсын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды.
Тек 2022 жылдың өзінде жобаға әрқайсысында 20 баладан тұратын 100 топ қатысты. Курс тыңдаушыларының әрқайсысына кітап сыйға берілді, 10 бала лагерьге жолдама ұтып алды, 50 бала бағалы сыйлықтарға ие болды. Балалар үшін 60 мың карта шығарылды. Олар ақшаны қалай сауатты жұмсап, кэшбэк алуды біледі. Оның жалпы сомасы шамамен 7 514 теңгені құрады. Сонымен қатар картаға ақша жинауға болады, бір баланың картасына орташа қалдық-5 000 теңге. Бұдан басқа қаржы сабағында ең ынталы балалар бонустар алып, барлығы үш миллион теңгеге жуық табыс тапты.
JuniorBank-тің осы жоба аясындағы белсенді қызметі басты мақсатқа – өскелең ұрпақтың асығыс қаржылық шешімдерінің санын азайтуға бағытталады.
— Балалардың қаржылық білімі сауатты шешімдер қабылдауға ықпал етеді, тәуекелдерді азайтады және осылайша баланың қаржылық қауіпсіздігін арттырады, — дейді Нұргүл Бимағамбетова.
Балалық шағында қарапайым қаржылық операциялардың білімі мен тәжірибесін жинаған адам, есейген шағында өз қаражатын сауатты басқаруды біледі, қаржылық өнімдерді жақсы біліп, өзін алаяқтардан қалай қорғау керектігін біледі, яғни оның өмір сүру сапасы артады.
— Сонымен бірге, — деп атап өтті Нұргүл Бимағамбетова — қаржылық білімі бар қоғам елдің экономикалық дамуына көп үлес қосатынын түсіну керек.
JuniorBank-тің балаларға арналған білім беру жобасы – жекелеген азаматтардың ғана емес, жалпы республиканың болашағына қосылған елеулі үлес.
Көкжиектерді кеңейту
JuniorBank бүгінгі таңда балаларға арналған банктік өнімдер мен қызметтерді дамыта отырып, болашаққа арналған бастамаларды ұсынып, қызмет аясын кеңейтуді жалғастыруда.
Осылайша, Қазақстанның кез келген оқу орнында мектептен бастап университетке дейін «Ақылды кампус» жобасын жүзеге асыруға болады. Бұл JuniorBank жобасы қолжетімділік картасын, азық-түлік картасын, кітапхана картасын, шәкіртақы картасын, баланың жеке мобильді қосымшасын, ата-ананың жеке кабинетін және барлығына арналған қаржылық сауаттылықты қамтиды. ЦентрКредит Банктің алғашқы «Ақылды кампус» жобасы Ақтөбеде Ақбөбек мектебінде жұмыс істейді және білім беру ұйымдарын цифрландыру үдерісіндегі маңызды қадам болып табылады.
Мектеп асханалары үшін әзірленген және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды тегін тамақтандыруды автоматты түрде есепке алатын «Тамақтану картасы» жобасын бұдан да кеңірек пайдалануға болады. Жоба аясында банк мектеп асханасында сенсорлық планшет-мәзір, пос-терминал және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуда. Балалар JuniorBank карталарын тегін алады, олар мектепте турникеттер орнатылған жағдайда кіру картасы ретінде де пайдаланылуы мүмкін (СКУД – кіруді басқару және есепке алу жүйесі). Бұл бірегей жоба қазірдің өзінде Қазақстанның 40-тан астам оқу орындарында сәтті жүзеге асырылды.
— Біз «Тамақтану картасы» жобасын балаларға қызмет көрсету мен цифрландыруды дамытуға қосқан үлкен үлесіміз деп санаймыз, — дейді банк мамандары.
«Банк ЦентрКредит» АҚ, ел болашағы-балаларға қамқорлық жасап, 2020 жылы эпос желісі бойынша жазылған Сандуғаш Тағабергенованың «Ер Қармыс» кітабының жарыққа шығуына демеушілік жасады. Басылымның таралымы 10 000 дана болды. 2022 жылы «Мазмұндама» қоғамдық қорымен бірлесіп балаларға арналған әлемдік әдебиеттің екі бестселлері қазақ тіліне аударылды. Олар Шон Ковидің «Табысты жасөспірімдердің 7 әдеті. Мобильді және озат болу тәсілдері» және Стефани Сабольдың «Күн жүйесі қайда орналасқан?» кітаптары. Бұл кітаптар JuniorBank-тен қаржылық сауаттылық курсының оқушыларына сыйлық ретінде беріледі. Осылайша, қызықты әрі пайдалы кітаптар арқылы кітап оқуға және үздіксіз дамуға дағдыланады.
2022 жылдың маусым айынан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ JuniorBank базасында Kids room бастамасын жүзеге асыруды бастады. Банк бөлімшелерінде PS5 немесе шахмат ойнай алатын, сурет салып, кітап оқи алатын балалар бұрыштары ашылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы аясында «Бизнес кемелділік» — маңызды және мәртебелі атағын алған JuniorBank-тің білім беру жобасын жоғары бағалаған мемлекетке, бастамаларды қолдағаны үшін Нұргүл Бимағамбетова шексіз алғысын білдірді.
— Біз өз тарапымыздан қаржылық білімді дамытуды көздеп отырмыз және болашақта біз балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін көптеген білім беру жобаларын іске қосуға дайынбыз, — деді ол.
Премии «Бизнес кемелділік» – «Деловое совершенство» в 2022 году удостоено АО «Банк ЦентрКредит». За шестнадцать лет проведения конкурсов на соискание премии президента РК «Алтын Сапа» это первый случай, когда победителем признан частный казахстанский банк. Награда по итогам Года детей в РК была вручена дирекции JuniorBank АО «Банк ЦентрКредит» за проект «Финансовое образование для детей», один из первых и лучших в Казахстане.
Первые шаги
к самостоятельности
Инновационные продукты и проекты JuniorBank – сами по себе уникальные банковские разработки. Запущены они Банком ЦентрКредит сравнительно недавно, летом 2020 года, но уже обрели популярность среди родителей, заботящихся о всестороннем развитии детей. А воспитание с ранних лет самостоятельности в принятии финансовых решений, безусловно, важный фактор формирования успешной личности.
Детские карты от Банка ЦентрКредит создавались с учетом пожеланий детей в отношении дизайна и удобства осуществления банковских операций. Но главное их преимущество – в полной безопасности.
— По данной карте, – поясняют разработчики JuniorBank, – включены автоматические запреты на транзакции, связанные исключительно со взрослыми потребностями (табак, алкоголь, самостоятельное пользование сервисами авто и т. д.). К тому же родители могут индивидуально настраивать лимиты для ребёнка в сторону уменьшения или увеличения суммы. Инновационный продукт гарантирует уверенность в тратах детей – после каждого платежа родителям поступает СМС, а ребёнку – push-уведомление.
По версии Visa 2021 JuniorBank была признана лучшей детской картой.
Пользование банковскими услугами в современном мире уже немыслимо без мобильных приложений, и в банке позаботились об удобстве детей и спокойствии родителей и в этом плане. Банк ЦентрКредит позволяет взрослому открыть до пяти детских карт JuniorBank виртуально, карты можно зарегистрировать в Apple Pay или Samsung Pay, а осуществлять платежи юные держатели карт могут через смартфоны или смарт-часы. Мобильное приложение для пользователей JuniorBank содержит помимо стандартных банковских инструментов такие возрастные дополнения, как игры и эмодзи, а также функцию запроса средств у родителей.
— Наш уникальный продукт JuniorBank не только упрощает повседневную жизнь маленьких героев в каждой семье, но и является проводником к развитию финансовой грамотности в стране, – говорит Исполнительный директор Центра карточного бизнеса Нургуль Бимагамбетова.
От теории – к практике
Пользование собственной картой и мобильным банковским приложением дает детям возможность самостоятельно управлять своими финансами. Образовательный проект JuniorBank, за который Банк ЦентрКредит и получил награду «Бизнес кемелділік» – «Деловое совершенство», учит делать это грамотно.
Бесплатное обучение детей по курсу финансовой грамотности осуществляется на постоянной основе в рамках проекта JuniorBank с конца 2020 года во всех городах РК, где представлены филиалы и отделения Банка ЦентрКредит. Обучение ведется на трех языках (казахский, русский, английский) и рассчитано на детей в возрасте от 6 до 18 лет.
Чтобы управлять собственными финансами, нужно уметь принимать самостоятельные решения, поэтому курс предполагает участие школьников в совместной работе на каждом уроке и проявление инициативы. Обучая финансовой грамотности так, чтобы заинтересовать каждого ребенка, вовлечь его в активное взаимодействие, JuniorBank дает азы этой сложной отрасли знаний в игровой форме и предлагает действенные лайфхаки в духе времени, объясняет причины финансовых провалов и говорит о проблемах лудомании, учит избегать мошенников и кибермошенников.
Полный курс включает в себя 12 групповых финансовых уроков, охватывающих разнообразные темы. Школьники получают сведения об истории денег и банков, узнают вдохновляющие истории успеха миллионеров и поучительные карточные истории, знакомятся с банковскими инструментами, учатся рассчитывать проценты по кредитам и тому, как выгодно копить деньги на депозитах и инвестировать средства.
— Мы уверены, – заключает Нургуль Бимагамбетова, – что ребенок, освоив материалы по финансовой грамотности, повысит свои знания и будет принимать грамотные решения, связанные с финансами, в повседневной жизни.
И это действительно важно в современных условиях, когда молодежь активно потребляет финансовые продукты и услуги, что нередко связано с повышенным риском, и не очень задумывается о будущем.
Сегодня JuniorBank может подвести первые итоги проекта «Финансовое образование для детей». Уже более 100 000 детей побывали на экскурсиях в банке, прошли полный курс обучения, состоящий из 12 уроков, и получили соответствующие сертификаты. Только в 2022 году 100 групп по 20 детей в каждой приняли участие в проекте. Каждый из слушателей курса получил в подарок книгу, 10 детей выиграли путевки в лагерь, 50 детей – ценные призы. Было выпущено 60 тысяч карт для детей, и они уже знают, как тратить грамотно и зарабатывать кэшбэки, общая сумма которых составила 7 514 000 тенге, а также копить деньги на карте: средний остаток на одну детскую карту – 5000 тенге. Кроме того, самые инициативные ребята, получая бонусы на финансовых уроках, заработали вместе около трех миллионов тенге.
Активная деятельность JuniorBank в рамках этого проекта подчинена главной цели – сокращению количества необдуманных финансовых решений подрастающего поколения.
— Финансовое образование детей способствует принятию грамотных решений, минимизирует риски и, тем самым, повышает финансовую безопасность ребенка – убеждена Нургуль Бимагамбетова.
Человек, уже в детстве получив знания и опыт простых финансовых операций, умеет в зрелом возрасте грамотно распоряжаться своими средствами, хорошо ориентируется в финансовых продуктах, знает, как защитить себя от мошенников, а значит, качество его жизни повышается.
— При этом, – замечает Нургуль Бимагамбетова, – надо понимать, что финансово образованное общество во многом способствует экономическому развитию страны.
Образовательный проект JuniorBank, созданный для детей, это серьезный вклад в будущее – не только отдельных граждан, но республики в целом.
Расширяя горизонты
Сегодня JuniorBank, развивая детские банковские продукты и сервисы, продолжает расширять сферу деятельности, предлагая инициативы на перспективу.
Так, в любом учебном заведении Казахстана – от школы до университета может быть реализован проект «Умный кампус». Данный проект JuniorBank включает в себя карту доступа, карту питания, карту библиотеки, стипендиальную карту, собственное мобильное приложение ребенка, личный кабинет родителя и финансовую грамотность для всех. Первый «Умный кампус» от Банка ЦентрКредит действует в Актобе в школе Акбобек и является важным шагом в процессе цифровизации учреждений образования.
Проект «Карта питания», разработанный для школьных столовых и автоматически учитывающий бесплатное питание детей из социально уязвимых слоев населения, может найти еще более широкое применение. В рамках проекта банк устанавливает в школьной столовой сенсорный планшет-меню со считывателем, пос-терминалом и специальным программным обеспечением. Дети бесплатно получают карты JuniorBank, которые могут быть использованы также в качестве карт доступа, если в школе установлены турникеты (СКУД – система контроля и учета доступа). Этот уникальный проект тоже уже имеет успешную реализацию более чем в 40 учебных заведениях по всему Казахстану.
— Мы можем считать большим вкладом в развитие детских сервисов и цифровизации наш проект “Карта питания”, – говорят в банке.
С заботой о детях – будущем страны АО «Банк ЦентрКредит» в 2020 году выступил спонсором выпуска книги «Ер Кармыс», написанной Сандугаш Тагабергеновой по мотивам эпоса. Тираж издания составил 10 000 экземпляров. В 2022 году совместно с ОФ «Мазмұндама» были переведены на казахский язык два бестселлера мировой литературы для детей: Шон Кови «7 навыков высокоэффективных тинейджеров. Способы стать мобильными и продвинутыми» и Стефани Саболь «Где находится Солнечная система?» – эти книги получают в подарок слушатели курса финансовой грамотности от JuniorBank. Таким образом, через интересные и полезные книги закладывается привычка к чтению и постоянному развитию.
На базе JuniorBank в АО «Банк ЦентрКредит» с июня 2022 года начали реализовывать инициативу Kids room – в отделениях банка открываются детские уголки, где малыши смогут поиграть в PS5 или в шахматы, рисовать и читать книги.
Получив значимое и престижное звание «Бизнес кемелділік» – «Деловое совершенство» в рамках премии президента РК «Алтын Сапа», Нургуль Бимагамбетова выразила огромную благодарность государству за поддержку инициатив, подобных получившему высокую оценку образовательному проекту от JuniorBank. — Мы, со своей стороны, намерены развивать финансовое образование, – заверила она, – и в будущем готовы запустить много образовательных проектов, чтобы повысить финансовую грамотность детей.