Алтын Сапа
Мұрат Рахимжанов, «DOC Co.LTD» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры
2021 жылдың соңында Қазақстанда ALATAU брендімен картридждер шығарушы «DOC Co.LTD» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен белгіленген еліміздің бас «Алтын сапа» байқауының жеңімпазы деп танылды. Мұндай өндірістің аналогтары тек біздің елде ғана емес, бүкіл ТМД аумағында жоқ. Сонымен қатар, бүгінде компания қуаттылығы жылына 4 МВт күн батареяларын шығаратын жалғыз отандық өндіруші болып табылады. Бұл инновациялық өндірістің негізін қалаушы және оны ойдағыдай басқарушы бас директор Мұрат Құсманұлы Рахимжанов болып табылады.
Сондай-ақ, «DOC Co.LTD» ЖШС «Үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» жеңімпазы атану үшін өткен жылы көптеген қосымша жұмыстар атқарғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, өнім сапасын арттыру мақсатында картридждердің сапасын тексеретін жаңа қондырғылар сатып алынып, кәсіпорынның тиімділігін одан әрі арттыру және оның имиджін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қазақстанның мақтанышы
Қазақ жері таланттарға бай. Мұрат Құсманұлы Рахимжанов еліміздегі ІТ-индустриясында жоғары технологиялық өндірістің жаңа кластерін құрды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы қарапайым жігіт өз еңбегімен сұранысқа ие отандық өндірісті ұйымдастыра білді, сонымен қатар бұл өнімдер Ресей мен Беларусь елдеріне сәтті экспортталады.
«Менің бизнеске деген жолым Зайсан қаласындағы танысымның бір компьютерді сатуға, сонымен қатар совхоз есепшісіне бағдарламалар орнатып, үйретуге ұсыныс жасауынан басталды. Келістім, өйткені мен өзім Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылынанмын. Бірақ еңбек жолымның басында ғылыммен айналысып, компьютерлік бағдарламалар жазуды мақсат еттім. 1987 жылы Қазақ ұлттық техникалық институтының электронды есептеуіш техникасы факультетіне оқуға түсіп, оны 1993 жылы инженер-жүйеші мамандығы бойынша бітірдім. Мен 2 курс студенті кезімде компьютерлік бағдарламаларды жаздым, содан кейін жасанды интеллектті модельдеуге арналған логикалық бағдарламаларды әзірлеуге қатыстым », - деп еске алады Мұрат Құсманұлы.
Бірақ тағдырдың ағысына қарай, 1991 жылы Мұрат Рахимжанов шағын кәсіпорын ашып, компьютерлер сатумен қатар, жергілікті желілерді орнатумен айналысты.
«Бізге қызмет көрсетуші банкті жауып тастағанға дейін бизнесіміз жақсы жүріп жатты. Барлық шоттарымыздағы ақшаны пайдалануға тыйым салып, біз ақшаны бір жылдан кейін ғана ала алдық, бірақ ол ақша сол кезге дейін 1000 есе құнсызданды», - дейді бас директор. Бірақ бұл сәтсіздік ел үшін бірегей өндірістің болашақ басшысын сындырмады.
Көмекші жұмысшыдан өндіріс технологына дейін
Тікелей ЖШС «DOC Co.LTD» 2004 жылдың тамыз айында құрылған. Компанияның негізін қалаушы және қызметкерлері IT саласының мамандары, ҚазҰТУ-дың электронды есептеуіш технологиялар факультетінің түлектері болды. Компания қазақстандық нарыққа компьютерлерді, оргтехникаларды, картридждерді жеткізуде, сондай-ақ құрылымдық кабельдік желілерді және шағын АТС орнату бойынша қызметтерді көрсетуде өз орнын тез жеңіп алды.
2010 жылы Мұрат Рахимжанов картридждер импортын алмастыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында елімізде қазақстандық брендпен картридждер шығаруды ұйымдастыруды мақсат етті.
Ол үшін 2010-2011 жылдар аралығында бас директор отбасымен бірге Шэньчжэньдегі (Қытай) инновациялық картридж шығаратын зауыттардың бірінде тұрып, жұмыс істеген. Ол зауытта қарапайым қосалқы жұмысшыдан бастап, өндіріс технологына дейін өсті.
2011 жылы қытайлық серіктестерден 10 000 долларға картридждерді өндіруге арналған толық технологиялық цикл сатып алынды. Компанияның төрт инженері Қытайдағы зауыттарда тағылымдамадан өтті. Ал 2012 жылдың өзінде Алматыда «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА аумағында ALATAU сауда белгісінің қуаттылығы жылына 12 000 дана картридждер шығаратын цех ашылды.
Іс ойдағыдай жүріп жатты және 2014 жылы компанияны кеңейту мақсатында ет комбинатының аумағында ауданы 900 шаршы метр өндірістік базаға сатып алынды. Жаңа жабдықтар алынды, бұл картридждер өндірісін жылына 50 000 данаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
2017 жылы DOC Co.LTD рекордтық мерзімде ауданы 3400 шаршы метр картридж шығаратын жаңа зауыт салып, пайдалануға берді. Ол зауыт Алматы қаласының Индустриалды аймағының аумағында орналасқан. Оның құрылысына және құрал-жабдықтар сатып алуға 700 миллион теңгеден астам компанияның өз қаражаты салынып, 35 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде зауыт жылына 150 000 картридж шығарады.
2019 жылдан бастап АҚШ, Тайвань, Қытай елдерінде жасалған заманауи CNC станоктарымен жабдықталған пластмасса және жеңіл легирленген металдарға қалыптар (матрица) жасайтын механикалық цех ашылып, қосымша 5 жаңа жұмыс орны ашылды.
Мұрат Құсманұлы тек өз білімін жетілдіріп қана қоймай, нарық тенденцияларын зерделеумен де үнемі айналысады. Қоғамның «жасыл экономикаға» деген сұранысын елімізде алғашқылардың бірі болып көріп, 2017 жылы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында күн батареяларын шығаратын цехты да ашты.
Азаматтық ұстаным
Рахимжанов Мұрат Құсманұлы әрқашан белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленді.
1986 жылы желтоқсанда Кеңес әскері қатарынан босап, Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысты. 1989 жылы ҚазМУ, Медициналық және политехникалық институттардың студенттерімен бірге «Ақиқат» жастар қозғалысын ұйымдастырды, О.Сүлейменов пен М.Шахановтың бастамашылық еткен митингілер мен жиындарға үнемі қатысып, вагондарды түсіріп, түскен қаржыны Невада-Семей қозғалысын қолдауға аударды.
Жеке кәсібін ұйымдастырған серіктестік басшысы жан қалауымен қалалық және республикалық маңызы бар көптеген донорлық және қайырымдылық шараларына қатысып, ұжым мүшелеріне түрлі қаржылық мәселелерді шешуге ұдайы көмектесіп отырады. Қазіргі экономикалық қиындықтардың өзінде ол барлық жұмыс орнын сақтай отырып, кәсіпорын қызметін аз шығынмен жалғастырудың жолдарын табады. Ол компанияның басты құндылығы – жауапкершілік, ұжымдағы өзара түсіністік және ұлттық рух деген ұстанымды ұстанады!
Рахимжанов мырза сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қазақстандық өнімнің ішкі нарықта ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де беделін көтеріп, жергілікті жастарға жаңа жұмыс орындарын ашуда.
Халықаралық стандарттар
Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді және ҚР СТ ИСО 9001-2016 № KZ.7500053.07.03.00431 сапа менеджменті сертификатына және ҚР СТ ИСО 14001-2016 № KZ.7500053.07.03.00432 экологиялық менеджмент сертификатына ие.
Жоғары сапалы картридждерге қол жеткізу үшін сынақ және зертханалық жабдықтар сатып алынды. Ал енді, мысалға келтіретін болсақ, басып шығару сапасын бақылау (басып шығару және фон тығыздығы) STMC сынақ әдісі стандартының әдістемесіне сәйкес жапондық Ihara денситометрімен анықталады.
Картридждің ресурсын есептеу ҚР СТ ИСО/МЭК 19752-2018 және ISO/FEM 19798 стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Картридждің төмен және жоғары температурада, сондай-ақ жоғары ылғалдылықта басып шығару сапасы Климаттық камера жабдығында тексеріледі.
Картридждің тығыздығын бақылау арнайы вакуумдық аппаратта тексеріледі. Тасымалдау кезінде картридждің бүтіндігін анықтау әдісі вибрациялық стендте орындалады.
Нәтижесінде ЖШС өнімдері жоғары сапалы болып табылады және компания өз өнімдеріне бір жылдық кепілдік береді. Ақаулы картридж қысқа мерзімде тез ауыстырылады.
АҚШ-қа экспорттау
Компанияның алдыда үлкен жоспарлары бар. Мәселен, 2022-2023 жылдары «DOC Co.LTD» ЖШС қуаттылығы жылына 200 МВт болатын, құны шамамен 2,4 миллиард теңге болатын күн батареяларын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында зауыт құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде және испандық жабдық өндіруші MONDRAGONASSEMBLYS CORP компаниясымен өндірістік қуатты ұлғайту және жабдықтарды жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізілуде.
- Америкалық серіктестермен алдын ала келісім бойынша Андеррайтер зертханаларынан сертификат алғаннан кейін DOC Co.LTD ЖШС өндіретін күн батареялары жылына 200 МВт көлемінде АҚШ-қа экспортталатын болады.
Күн батареяларын сату көлемі жылына 80 миллион доллардан асатын болады, – деді Мұрат Рахимжанов. – Сондай-ақ картридж өндіру технологиясын жетілдіру, пластмасса бұйымдарын шығару бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Компанияға ең ауқымды жоспарларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!
Мурат Рахимжанов, учредитель и генеральный директор ТОО «DOC Co. LTD»
По итогам 2021 года победителем главного конкурса страны «Алтын сапа», учрежденного Президентом РК, было признано ТОО «DOC Co. LTD» – производитель картриджей в Казахстане под брендом «ALATAU». Аналогов такого производства нет не только в нашей стране, но и на всем пространстве СНГ. Кроме этого, на сегодняшний день компания является единственым отечественным производителем солнечных панелей мощностью 4 МВт в год. Основал это инновационное производство и успешно им руководит генеральный директор Мурат Кусманович Рахимжанов.
Стоит отметить, что ТОО «DOC Co. LTD» проделало большую дополнительную работу в минувшем году, чтобы стать победителем «Алтын сапа» в номинации «Лучшее предприятие производственного назначения». В частности, для улучшения качества выпускаемой продукции компанией было закуплено новое оборудование для проверки качества картриджей, проведены работы по дальнейшему повышению эффективности деятельности предприятия и улучшения ее имиджа.
ГОРДОСТЬ КАЗАХСТАНА
Богата казахская земля талантами. Мурат Кусманович Рахимжанов создал в нашей стране новый кластер высокотехнологичного производства IT-индустрии. Простой парень из глубинки ВКО смог своим трудом организовать востребованное отечественное производство, продукция которого уже успешно экспортируется в Россию и Беларусь.
– Мой путь в бизнес начался с того, что знакомый предложил продать один компьютер в Зайсан, а также установить программы и обучить им бухгалтера совхоза. Я согласился, ведь сам родом из села Айнабулак Зайсанского района. В начале трудового пути у меня была цель – заниматься наукой и писать компьютерные программы. В 1987 году я поступил на факультет электронно-вычислительной техники Казахского национального технического института и в 1993 году окончил его по специальности инженер-системотехник. Будучи студентом второго курса, писал компьютерные программы, а затем участвовал в разработке логических программ по моделированию искусственного интеллекта, – вспоминает Мурат Кусманович. Но обстоятельства сложились так, что в 1991 году Мурат Рахимжанов открыл малое предприятие и начал продавать компьютеры, а также устанавливать локальные сети. – Бизнес хорошо шел, пока не закрыли наш обслуживающий банк. Все счета оказались замороженными, деньги мы смогли получить только через год, уже обесцененные в 1000 раз, – рассказывает генеральный директор. Но неудача не сломила будущего главу уникального для страны производства.
ОТ ПОДСОБНОГО РАБОЧЕГО ДО ТЕХНОЛОГА ПРОИЗВОДСТВА
ТОО «DOC Co. LTD» было основано в августе 2004 года. Учредителем и сотрудниками компании были профессионалы IT-индустрии, выпускники факультета электронно-вычислительной техники КазНТУ. Компания быстрыми темпами завоевала свою нишу по поставкам на казахстанский рынок компьютеров, оргтехники, картриджей, а также по оказанию услуг по установке структурированных кабельных сетей и мини-АТС.
В 2010 году Мурат Рахимжанов поставил цель – организовать в стране производство картриджей под казахстанским брендом с целью импорта замещения картриджей и создания новых рабочих мест. Для этого генеральный директор с 2010 по 2011 год вместе со своей семьей жил в Китае, где работал на одном из инновационных картриджных заводов Шэньчжэнь. Он начинал с должности простого подсобного рабочего и дорос до технолога производства. В 2011 году за 10 000 долларов у китайских партнеров был приобретен полный технологический цикл производства картриджей. Четыре инженера компании также прошли стажировку на заводах Китая. И уже в 2012 году в Алматы был открыт цех по производству картриджей торговой марки «ALATAU» на территории СЭЗ «Парк информационных технологии» мощностью 12 000 штук в год.
Дела шли в гору, и в 2014 году компания в целях расширения приобрела производственную базу на территории мясокомбината площадью 900 кв. м. Было закуплено новое оборудование, что позволило увеличить производство картриджей до 50 000 штук в год. В 2017 году компания «DOC Co. LTD» в рекордные сроки построила и ввела в эксплуатацию новый завод по производству картриджей площадью 3 400 кв. м. на территории Индустриальной зоны Алматы. В его строительство и приобретение оборудования было инвестировано более 700 миллионов тенге собственных средств и создано 35 новых рабочих мест. На сегодня завод производит 150 000 картриджей в год. С 2019 года открыт механический цех по изготовлению пресс-форм (матриц) для пластиковых и легкосплавных металлов, оснащенный современными ЧПУ станками производства США, Тайвань, Китай, и дополнительно создано 5 новых рабочих мест.
Мурат Кусманович постоянно занимается не только повышением собственных знаний, но и изучением тенденций рынка. Он одним из первых в стране увидел запрос общества на «зеленую экономику», и на территории СЭЗ «Парк инновационных технологий» в 2017 году также открыл цех по производству солнечных панелей.
ГРАЖДАНСКАЯ ПОЗИЦИЯ
Рахимжанова Мурата Кусмановича всегда отличала активная жизненная позиция. В декабре 1986 года, после увольнения со службы в Советской армии, он участвовал в декабрьских событиях в Алматы. В 1989 году вместе со студентами КазГУ, Медицинского и Политехнического институтов организовал молодежное движение «Акикат», постоянно участвовал в митингах и собраниях, инициированных О. Сулейменовым и М. Шахановым, – разгружали вагоны и передавали вырученные средства на поддержку движения «Невада-Семей».
Организовав собственное дело, руководитель компании по велению души участвует во многих донорских и благотворительных мероприятиях как городского, так и республиканского значения, а также регулярно помогает членам своего коллектива решать разные финансовые проблемы. Даже в условиях нынешних экономических трудностей находит возможности продолжать деятельность предприятия с минимальными потерями, в том числе сохраняя рабочие места. Он придерживается позиции – главной ценностью компании являются ответственность, взаимопонимание в коллективе и национальный дух! Г-н Рахимжанов не на словах, а на деле поднимает престиж казахстанской продукции не только на внутреннем рынке, но и в странах ближнего и дальнего зарубежья, создает новые рабочие места для местной молодежи.
МЕЖДУНАРОДНЫЕ СТАНДАРТЫ
Компания работает в соответствии с международными стандартами и имеет сертификат менеджмента качества СТ РК ISO 9001-2016 №KZ.7500053.07.03.00431 и сертификат экологического менеджмента СТ РК ISO 14001-2016 № KZ.7500053.07.03.00432. Чтобы добиться высокого качества картриджей, были закуплены тестовое и лабораторное оборудование. И теперь, к примеру, контроль качества печати (плотность печати и фона) определяется японским прибором денситометр Ihara согласно методики стандарта методов тестирования STMC.
Расчет ресурса картриджа производится согласно стандартам СТ РК ISO/IEC 19752-2018 и ИСО/МКЭ 19798. Качество печати картриджа при воздействии пониженной и повышенной температуры, а также при повышенной влажности воздуха проверяется на оборудовании Климат камера. Контроль герметичности картриджа проверяется на специальном вакуумном аппарате. Метод определения целостности картриджа при транспортировке выполняется на вибрационном стенде. В результате продукция ТОО отличается высоким качеством с гарантией на один год. Бракованный картридж оперативно меняется в кратчайший срок.
ЭКСПОРТ В США
У компании большие планы. Так, например, в 2022-2023 годах ТОО «DOC Co. LTD» планирует построить завод по производству солнечных панелей мощностью 200 МВт в год стоимостью около 2,4 млрд тенге. Сегодня ведутся разработка проектно-сметной документации по строительству завода на территории СЭЗ «Парк инновационных технологий» и переговоры с испанским производителем оборудования MONDRAGONASSEMBLYS CORP для увеличения мощности производства и модернизации оборудования.
– По предварительной договоренности с американскими партнерами солнечные панели, производимые ТОО «DOC Co. LTD» в объеме 200 МВт в год, — после получения сертификата Underwriter Laboratories, будут экспортироваться в США. Сумма реализации солнечных панелей составит более 80 миллионов долларов в год, – рассказал Мурат Рахимжанов, – также будет вестись работа по совершенствованию технологии производства картриджей и пластиковых изделий.
Остается пожелать успехов компании в реализации самых смелых планов!